COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Home / MEDIA / News / Мамандықты дұрыс таңдау – болашақтың кепілі

Мамандықты дұрыс таңдау – болашақтың кепілі

 

 

Бүгінгі таңда білім беру саласындағы ең маңызды мәселелердің бірі — жастардың кәсіби бағдарын дұрыс айқындау. Осы мақсатта 2025 жылдың 14–15 мамыр күндері Ақмола облысы, Бурабай ауданындағы Щучинск қаласында орналасқан "Жоғары педагогикалық" және "Жоғары техникалық" колледждерінің 4-курс студенттерімен кәсіби бағдар беру жұмыстары жүргізілді.

Іс-шара барысында Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің қызметі мен мүмкіндіктерін кеңінен таныстыруға бағытталған «Шерхан университеті даму жолында» атты бейнеролик көрсетіліп, қатысушылар университеттің білім беру бағытымен, студенттік өмірімен, материалдық-техникалық базасымен және маман даярлау жүйесімен танысты.

 

 

Кездесу аясында "Мамандықты дұрыс таңдау – болашақтың кепілі" тақырыбында кәсіби бағыт-бағдар беру жұмыстары жүргізілді. Спикерлер жастарға саналы түрде таңдалған мамандықтың болашақ өмір мен мансаптық табыстың іргетасы екендігін баса айтып, кәсіби жолды дұрыс айқындаудың маңыздылығын түсіндірді. Сондай-ақ, мамандық таңдаумен қатар, сол мамандықты меңгеретін оқу орнын дұрыс таңдаудың да үлкен рөл атқаратынына назар аударылды.

Кәсіби бағдар беру жұмыстары жастарға жаңа серпін беріп, болашаққа деген сенімін нығайта түсті. Іс-шара соңында студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға толыққанды жауап беріліп, оқу орнына деген қызығушылық арта түсті.

Аталған кездесу жұмыстарына Шерхан Мұртаза атындағы Тараз халықаралық университетінің Электрондық диспетчерлік секторының жетекшісі Қазжанов Ғалым Төлегенұлы жетекшілік етті.