COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Home / MEDIA / News / «Болашаққа бағытталған қадам»: Халықаралық Тараз университетінде Ашық есік күні өтті

«Болашаққа бағытталған қадам»: Халықаралық Тараз университетінде Ашық есік күні өтті

 

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінде мектеп түлектері мен колледж студенттеріне арналған дәстүрлі «Ашық есік» күні өтті. Биылғы шара «Болашаққа бағытталған қадам» тақырыбында ұйымдастырылып, талапкерлерге мамандық таңдауда нақты бағдар беру мен кәсіби бағыт-бағдар сілтеуді көздеді.

Шараға Жамбыл облысының әр түкпірінен келген бітіруші түлектер, колледж студенттері, ата-аналар мен ұстаздар қатысты. Жастармен жүздесіп, бағыт-бағдар беру мақсатында тәжірибелі мамандар арнайы шақырылды.

 

 

Іс-шараның салтанатты ашылуында университет ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Сарыбеков Махметғали Нұрғалиұлы құттықтау сөз сөйлеп, болашақ мамандарға сәттілік тілеп, білім мен еңбектің маңызын ерекше атап өтті.

Сондай-ақ, өңірдегі беделді білім ордаларының бірі – Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің директоры Саясат Керімбекұлы Есеев те өз лебізін білдіріп, жастардың кәсіби дамуына бағытталған бастамаларды қолдауға дайын екендігін жеткізді.

Іс-шара аясында университет пен колледж арасында екіжақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бұл құжат – ортақ жобалар, академиялық ұтқырлық және сапалы кадр даярлау ісіндегі жаңа серіктестікке жол ашпақ.

Ашық есік күні аясында әр білім беру бағдарламасы бойынша мазмұнды әрі тәжірибеге негізделген іс-шаралар өткізілді. Атап айтсақ, «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» бағыты бойынша балабақша тәрбиеленушілері мен студенттер ән мен биден шашу шашып, өнер көрсетсе, «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша тәжірибелік сабақтар мен шеберлік сағаттары өткізілді. Ал, «Педагогика және психология» мамандығы бойынша психологиялық тренинг өткізіліп, мамандықтың маңызы мен болашағы кеңінен түсіндірілді.

Айта кетейік, күні кеше ғана Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткен ҚР жоғары оқу орындары білім алушыларына арналған XVII Республикалық пәндік олимпиадада Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің “Жалпы педагогика” кафедрасы тағы бір мәрте өзінің бәсекеге қабілеттілігін дәлелдеп, «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының 2-3 курс студенттерінен құралған “Soul Light” командасы өз білімдері мен біліктіліктерін жоғары деңгейде көрсетіп, жүлделі III орынды жеңіп алды! Бұл жеңіс – білім алушыларымыздың табандылығының, ұстаздарының бағыт-бағдары мен сапалы білімінің жарқын жемісі.

 

 

Шараға белсене қатысқан меймандар мен жас түлектерге алғыс хаттар табысталды. Бұл – университет тарапынан көрсетілген ризашылық пен ықыластың белгісі.

Іс-шара соңында университет оқытушылары талапкерлерге университетке түсу тәртібі, мамандықтар, гранттар мен құжат тапсыру ережелері жөнінде толыққанды ақпарат беріп, көкейдегі сұрақтарға жауап берді.