Кәсіби бағдар беру жұмыстары жүргізілуде
Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университеті «Жаратылыстану» факультеті,«Биология және ауылшаруашылық мамандықтар» кафедрасының меңгерушісі Айтекова К.У., оқытушылары (ассистенттері) Заурбекова И.М., Замишева А.М. кәсіби бағдар жұмыстары бойынша ЖУАЛЫ АУДАНЫ №18 Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебі, №8 Сүгірбай Байтіков атындағы орта мектебі, №21 Дмитрий Пахомов атындағы орта мектебі, №9 Абай атындағы орта мектебінің бітіруші түлектермен 6В05101-Биология, 6В01505-Биология ІР, 6В05102-Биология санитарлық-эпидемиология, 6В08101-Агрономия-экология, 6В08102-Өсімдік қорғау және карантин, 6В081023-Агрономия білім беру бағдарламалары бойынша ақпарат берілді.
Университетіміздің сапалы маман дайындауға заманауи мүмкіндіктері және жетістіктері, «ХТУ-100 гранты», әлеуметтік жеңілдіктер, оқу орнымыздың артықшылықтары және оқушыларға буклеттер мен флайерлер таратылып, кеңінен таныстырылды.
Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетімен болашақ жарқын!