Медициналық алғашқы көмек – әр студент білуі тиіс маңызды дағды


- ВКонтакте
- Telegram
Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінде медициналық алғашқы көмек көрсету бойынша маңызды әрі пайдалы кездесу өтті. Аталған шараны Жамбыл облыстық «Қызыл Ай» қоғамдық бірлестігінің филиалы мен «Салауатты жастар» қоғамдық қоры бірлесіп ұйымдастырды.
Кездесуге арнайы келген Сандуғаш Қырғызбаева (Қызыл Ай ұйымының облыстық филиал директоры) мен Балқаш Сарыбаева («Салауатты жастар» ҚҚ директоры) студенттерге төтенше жағдайда алғашқы көмек көрсету жолдарын егжей-тегжейлі түсіндіріп, практикалық сабақ өткізді.
Сабақ барысында қатысушылар:
- Төтенше жағдайда қалай әрекет ету керек?
- Жүрекке тікелей массаж (СЛР) жасау әдісі қандай?
- Жасанды тыныс беру тәсілдері қалай орындалады?
деген сұрақтар төңірегінде нақты білім алып, өз қолдарымен тәжірибе жасап көрді.
“Мұндай тәжірибелік сабақтар жастардың өмірлік жауапкершілігін арттырып, кез келген жағдайда көмек көрсетуге дайын болуына ықпал етеді”, — дейді ұйымдастырушылар.
Университет қабырғасында өткен бұл шара студенттердің өмірлік маңызы бар дағдыларды меңгеруіне, қауіпсіз орта қалыптастыруға және төтенше жағдайларда дұрыс шешім қабылдау қабілетін дамытуға бағытталған.