Шерхан жастары “Таза Қазақстан – Таза LIKE!” экологиялық акциясына белсенді қатысты


- ВКонтакте
- Telegram
2025 жылдың сәуір айының алғашқы аптасында Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің студенттері “Таза Қазақстан” және “Таза LIKE” республикалық экологиялық акциялары аясында туған қаламыздың көрікті орындарының бірі – Волонтерлар ескерткіші маңында ауқымды сенбілік жұмыстарын жүргізді.
Экологиялық шараны университеттің Өзін-өзі басқару құрылымы мен “Sherkhan volunteers” еріктілер клубы бірлесе ұйымдастырды. Жастар ерте таңнан бастап ескерткіштің айналасын тазалап, шөптерді орып, қалдықтарды жинау секілді жұмыстарды үлкен жауапкершілікпен атқарды.
— “Тазалық – тек айналаны емес, жүректі де тазартады” деген ұстанымды алға тартқан белсенділер бұл шара арқылы өзге замандастарына үлгі болуды көздеді. Олар табиғатты аялау – тек экологиялық емес, әлеуметтік және мәдени жауапкершілік екенін атап өтті.
Шара барысында еріктілер экологиялық мәдениетті қалыптастыру, жастардың азаматтық белсенділігін арттыру, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға үндеу секілді өзекті мәселелерді көтеріп, тазалықты сақтаудың маңыздылығы жөнінде пікір алмасты.
“Таза қала – жарқын болашақ!” деген ұранмен өткен сенбілік қоршаған ортаны қорғауға бағытталған нақты қадамдардың біріне айналды. Университет жастарының бұл бастамасы қала тұрғындарына оң әсер етіп, экологиялық мәдениеттің дамуына өз үлесін қосты.