Студенттің әр күні көңілді

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының студенттері арасында «Жігер» спорт клубы қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу» күніне орай «BUMPERBALL» ойын түрінен жарыс өтті.

12 қатысушы команда ішінен үздік атанғандар:
Шығармашылық мамандықтар факультеті;
Студенттер үйі;
Жаратылыстану ғылымдары факультеті;

Жарыс қатысушылары мен жеңімпаздары арнайы кубок, медальдармен және қаржылай сыйлықпен марапатталды.
Пайдалы әрі қызықты кештің соңы концерттік бағдарламаға ұласып, өнерлі студенттеріміз қатысушы командалар мен жанкүйерлерге керемет көңіл күй сыйлады.


16 Apr 2024
1070