Профессор-оқытушылар құрамы мен қызыметкерлер арасында волейболдан турнир өтті
Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты “Жігер” спорт клубы және “Ауыл” ХДПП облыстық филиалының ұйымдастыруымен ИНСТИТУТ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖҮЛДЕСІ үшін профессор-оқытушылар құрамы мен қызыметкерлер арасында волейболдан турнир өтті.
Аталған турнирге 10 команда қатысып бас жүлде үшін бақ сынасты. Бағы мен бабы қатар шауып, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанған командалар:
I-орын: Шығармашылық мамандықтар факультеті
II-орын: Әкімшілік командасы
ІІІ-орын: Жаратылыстану факультеті
Жүлделі орындарға ие болған командалар арнайы кубок, медаль және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Сонымен қатар турнирдің жоғары деңгейде өтуіне ат салысқан қызметкерлер мен төрешілер арнайы алғыс хаттармен марапатталды.




08 Dec 2023
1170