Құрметті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер!
Сіздерді АӨК "Мал азығын дайындау, жинау, жайылым" бағыты бойынша «Білім мен ғылыми зерттеулердің қолжетімділігін арттыру " бағдарламасы аясында өткізілетін семинарға қатысуға шақырамыз.
Семинар тақырыбы: «Жайылымдарды жақсарту және оларды ұтымды пайдалану».
Өтетін күні: 2026 жылғы 30 маусым.
Уақыты: 10:00 – 13:00.
Өтетін орны: Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Байқадам а/о әкімінің Мәжіліс залы .
Дәріскер/сарапшы: Қарынбаев Аманбай Қамбарбекұлы-ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор.
Семинар бағдарламасында келесі мәселелер қарастырылады:
- Қызылқұм құмды шөлі мен Мойынқұм құм алды шөл жайылымдарының мал азықтық сипаттамасы;
- Қызылқұмның құмды шөлі мен Мойынқұмның құм алды аймағындағы шөл жайылымдарының сандық және сапалық көрсеткіштеріне мал жаю технологиясының әсері;
- Мал жаю технологияларына байланысты Қызылқұмның құмды шөлі мен Мойынқұм шөлінің құм алды аймағының жайылым алқаптарындағы негізгі мал азықтық өсімдіктерінің түр құрамы.

24 Jun 2026
175