«AI-Sana» бағдарламасының II кезеңіне 100 000 қатысушыны іріктеу кезеңі басталады
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі «Ғылым қоры» АҚ-мен бірлесіп, «Қазақстан халқына» ҚҚ қолдауымен «AI-Sana» бағдарламасының II кезеңіне 100 000 қатысушыны іріктеуді бастады. Бағдарлама ЖИ және кәсіпкерлік бағытында білімі бар, қолданбалы AI шешімдер әзірлейтін жаңа буын мамандарын даярлауға бағытталған.
Тіркелу және онлайн тестілеу: 2–15 наурыз 2026 (23:59 дейін).
Тіркелу: PlatonusApp, aisanatesting.kz, aisana.gov.kz.
Оқу: 25 наурыз – 10 маусым 2026.
Қатысушылар: студенттер, магистранттар, докторанттар, «Болашақ» бағдарламасының білім алушылары, AI базалық курстарын өткендер, ағылшын тілінің базалық деңгейі бар үміткерлер.
II кезеңде: ML модельдер әзірлеу, Python, Google Colab, Jupyter, LLM және API қолдану, MVP жасау, стартап идеяларын тексеру, дизайн-ойлау, AI этикасы.
Бағдарламаға Stanford, MIT сарапшылары және халықаралық серіктестер қатысады.
Толық ақпарат: aisana.gov.kz

02 Mar 2026
410