Аудандық пәндік олимпиада ұйымдастырылды
2026 жылғы 7 ақпанда Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданы, Тұрар Рысқұлов атындағы мектеп-лицейінде Математика, Физика және Тарих пәндері бойынша аудандық олимпиада өтеді.
Аталған зияткерлік сайыс Шерхан Мұртаза атындағы халықаралық Тараз университетінің «Жаратылыстану» факультетінің «Жаратылыстану мамандықтары» және "Тарих және география "кафедраларының ұйымдастыруымен өткізіледі.
Олимпиаданың негізгі мақсаты — оқушылардың пәндік білім деңгейін анықтау, логикалық және сыни ойлау қабілеттерін дамыту, сондай-ақ дарынды жастарды қолдау және оларды жоғары оқу орнына ынталандыру.
Олимпиада қорытындысы бойынша жеңімпаздарға Шерхан Мұртаза атындағы халықаралық Тараз университетінде білім алу үшін оқу ақысына төмендегідей жеңілдіктер қарастырылған:
I орын — 100% оқу ақысына жеңілдік;
II орын — 75% оқу ақысына жеңілдік;
III орын — 50% оқу ақысына жеңілдік.
Аудандық олимпиада жас дарындарды қолдауға және олардың кәсіби бағдарын айқындауға бағытталған маңызды білім беру шарасы болып табылады.

06 Feb 2026
159