Денсаулық сақтаудағы менеджмент: көшбасшылық және басқару тиімділігі

Құрметті әріптестер!
Сіздерді 2025 жылдың, 4-ші желтоқсан күні Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университеті «Экономика және бизнес» факультетінің ұйымдастыруымен өтетін «Денсаулық сақтаудағы менеджмент: Көшбасшылық және басқару тиімділігі» атты дөңгелек үстелге және «ЕМВА - Денсаулық сақтаудағы менеджмент» білім беру бағдарламасымен танысуға шақырады.
Дөңгелек үстел жұмысына мемлекеттік органдардың, медициналық мекемелердің, шетелдік жоғары оқу орындарының өкілдері мен денсаулық сақтау және менеджмент саласындағы сарапшылар қатысады.
Іс-шараның мақсаты — медициналық ұйымдарды басқару тиімділігін арттыру, басқарушылық кадрларды даярлауда инновациялық тәсілдерді енгізу және білім беру ұйымдары мен медициналық мекемелер арасындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылау.
Өтетін орны: Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі, 69б, Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің Конференц-залы.
Уақыты: 15:00.
Дөңгелек үстел жұмысына қатысу арқылы денсаулық сақтау саласындағы заманауи басқаруды дамыту мәселелері бойынша сындарлы пікір алмасуға ниет білдіреді деген үміттеміз.

02 Dec 2025
146