«Coursera бағдарламасымен үздік оқу» байқауының ережесі
Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университеті студенттерінің цифрлық сауаттылығын арттыру және онлайн білім алуды ынталандыру мақсатында «Coursera бағдарламасымен үздік оқу» байқауы жарияланады.
Байқаудың мақсаты – бейресми білім беруді қолдау, студенттердің Coursera платформасындағы белсенділігін арттыру және ең табысты білімгерлерді анықтап, марапаттау.
Қатысуға шақырылады:
- Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің барлық белсенді студенттері.
- Coursera платформасында тіркелген және университет лицензиясы арқылы рұқсат алған білімгерлер.
Байқаудың мерзімі:
- Басталуы: 2025 жылдың 16 маусымы.
- Өтініш қабылдау: 2025 жылдың 12 қыркүйегіне дейін.
Аяқталуы: 2025 жылдың 25 желтоқсаны.
- Қорытындысы мен жеңімпаздарды жариялау: 2026 жылдың 14 қаңтары.
Қатысу шарттары:
- Байқауға кемінде 20 Coursera курсынан өткен студенттер қатыса алады.
- Курстарды сәтті аяқтағаны туралы сертификаттар This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
электронды поштасына жіберілуі тиіс.
- Студент байқауға өтініш беру арқылы оның барлық шарттарымен келісетінін растайды.
- Байқауға тіркелу 100 лицензиямен шектелген.
- Coursera-да тіркелгеннен кейін 3 күн ішінде оқуды бастамаған студент байқаудан шығарылады.
Қатысушылар ағыны:
- 1-ағын: 26.03.2025–10.09.2025 аралығында тіркелген студенттер.
- 2-ағын: 15.09.2025–25.12.2025 аралығында тіркелетін студенттер.
- Өтініштер қазақ және орыс тілдерінде қабылданады.
Бағалау критерийлері:
- Сәтті аяқталған курстардың жалпы саны.
- Курстардың тақырыбының мамандыққа сәйкестігі және күрделілік деңгейі.
Жүлде қоры:
1 орын – 100 000 теңге.
2 орын – 75 000 теңге.
3 орын – 50 000 теңге.
Қорытынды шығару:
- Нәтижелер ұйымдастырушы комиссияның шешімімен анықталады.
- Курстар саны тең болған жағдайда күрделірек немесе мамандыққа сай курсты аяқтаған студентке басымдық беріледі.
- Комиссия шешімі түпкілікті және қайта қаралмайды.
- Байқау қорытындысы университеттің www.htu.edu.kz сайтында және Instagram @sherkhan_university парақшасында жарияланады.
- Байқаудың алдыңғы жеңімпаздары қатыса алмайды.
Өтініш тапсыру мекенжайы:
Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университеті, Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі, 69б, Тіркеу кеңсесі, 1-1-206 кабинет.
Байланыс:
8 707 232 58 67, 8 707 886 80 09
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Үйлестірушілер:
- Азимова Мадина Алайдарқызы
- Бейсекеева Камила Салимовна

27 Jun 2025
528