COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

«ЖАЛПЫ ПЕДАГОГИКА» КАФЕДРАСЫ

ЕЛУБАЕВА РАХАТ САЙЛАУБЕКҚЫЗЫ

Кафедра меңгерушісі

Байланыс телефоны: +7 777 101 3546

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Кафедра туралы

 

Кафедраның мақсаты – заманауи талаптарға жауап беретін, білімді, білікті, дені сау, бәсекеге қабілетті мамандар даярлау. Профессор-оқытушылар құрамы оқу үдерісін заманауи ақпараттық технологияларға негізделген интерактивті оқыту форматында жүзеге асырады.

Кафедрада білім беру саласындағы жаңа оқыту жүйесіне сәйкес, мемлекеттік стандарттарды әзірлеу арқылы халықаралық байланыстарды нығайтуға бағытталған жүйелі жұмыс жүргізіледі.

Кафедраның материалдық-техникалық базасы заманауи ақпараттық құралдармен, компьютерлермен, интерактивті тақталармен жабдықталған. Бұл жас ғалымдардың оқу үдерісі мен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында жан-жақты шығармашылық тұрғыда дамуына мүмкіндік береді.

Кафедраның профессор-оқытушылар құрамының негізгі қызметі – жоғары білікті, шығармашылық жетістіктері бар, қабілетті және болашақ ұрпаққа сапалы білім беретін мамандар даярлау.

Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы республикаға танымал ғалымдар мен тәжірибелі оқытушылардан тұрады. Сонымен қатар, олар білім беру мен оқытудың жаңа технологияларын меңгеріп, оқу үдерісіне оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар, электрондық оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер мен силлабустар енгізеді.

Білім беру қызметі 2009 жылғы 18 мамырдағы № 0064058 мемлекеттік лицензия негізінде жүзеге асырылады, ол Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті мәртебесінің Халықаралық Тараз Инновациялық институты мекемесіне өзгеруіне байланысты 12.02.2021 жылы № KZIILAA00023380 болып қайта тіркелді, 26.10.2022 жылдан бастап № KZ30LAA00032738 институт мекемеде қайта тіркелді "Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық институты" (бұдан әрі-ХТИИ). 05.12.2024 ж. KZ07LAA00036838 лицензиясы негізінде оқу орнының атауы Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университеті болып өзгертілді.

Жалпы педагогика кафедрасы келесі бағыттар бойынша мамандар даярлайды:
Білім беру бағдарламасының атауы

6B01101 «Педагогика және психология»
6В01201  «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»

6B01204 «Мектепке дейінгі білім беру (IP)»

6В01202 «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу педагогикасы»

6В01301 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»

6B01302 «Бастауыш білім беру (IP)» 

Магистратура

7М01101 – «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы бойынша кадрларды даярлау ҚР БҒМ БҒСБК берген 18.05.2009 ж. № 0064058 мемлекеттік лицензия негізінде жүзеге асырылады. 7М01101 – «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы бойынша кадрларды даярлау мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі.Түлекке ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша 7М01101 – «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы негізінде «Педагогика ғылымдарының магистрі» академиялық дәрежесі беріледі.

7М01101 – «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасына қызмет көрсететін кафедраларда қажетті материалдық-техникалық база қалыптасқан. Кабинеттер мен зертханалар заманауи жабдықтармен және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдарымен қамтамасыз етілген. Оқу процесін ұйымдастыруға қажетті құжаттамалар толық бар.

Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы студентке бағытталған оқыту саясатын жүзеге асыра отырып, оқу үдерісінде тұлғаға бағдарланған тәсілдерді, инновациялық оқыту әдістерін және әлемнің жетекші жоғары оқу орындарының озық тәжірибелерін белсенді қолданады.

Магистрлік жұмыстар компьютерлік техниканы, заманауи бағдарламалық өнімдер мен ғылыми жабдықтарды пайдалану арқылы орындалады.

7М01102 – «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының мақсаты – эксперименттік-зерттеу жұмысына және психологиялық-педагогикалық процестерді талдауға қабілетті, сондай-ақ білім беру саласындағы ұйымдастырушылық-басқарушылық стратегияларды меңгерген жаңа формациядағы магистрлер даярлау.

Оқу мерзімі: 1 жыл

Қазіргі заман талаптарына сәйкес білім деңгейін қамтамасыз ету мақсатында:

·  ғылым мен педагогикалық қызметтің таңдалған бағыты бойынша магистранттардың теориялық, практикалық және жеке дайындығын тереңдету;

·  кәсіптік білім берудің тәжірибеге бағдарланған мамандарын даярлау;

·  магистранттың танымдық қызметінің өзіндік, жеке стилін қалыптастыру;

·  магистранттардың кәсіби, әлеуметтік-психологиялық, педагогикалық, көпмәдениетті және өзін-өзі дамыту құзыреттерін меңгеруін қамтамасыз ету;

·  жеке білім беру траекториясын құруға және іске асыруға, өмірдің әртүрлі кезеңдерінде өзін-өзі тәрбиелеуге бағытталған әдістемелік қолдау көрсету;

·  алынған білім негізінде магистрант тұлғасының педагогикалық және перцептивтік қабілеттерін дамыту, өзін-өзі жүзеге асыруын, өзін-өзі дамытуын және жетілдіруін қамтамасыз ету, интеллектуалдық және шығармашылық әлеуетін арттыру;

·  кәсіби ұтқырлықты, халықаралық еңбек нарығы талаптарына бейімделуді қамтамасыз ететін жоғары кәсібилік пен креативті ойлауды қалыптастыру, өмір бойы білім алуға және жаңа білімді өз бетінше шығармашылық тұрғыда меңгеруге дағдыландыру;

·  тұлғааралық қарым-қатынас дағдыларын, педагогикалық қарым-қатынастағы этикалық қағидалар мен нормаларды қалыптастыру;

·  білім беру, зерттеу және инновация бірлігін сақтау.

Бейіндік магистратура жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру деңгейінде тереңдетілген кәсіптік даярлығы бар басқарушы кадрларды даярлауға бағытталған білім беру бағдарламаларын іске асырады.  

 

 

Кафедра құрамы

 

Болеев Калдыбек

Ғылыми дәрежесі: п.ғ.д.

Қызметі: профессор

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

Сарыбеков Махметгали Нургалиевич

Ғылыми дәрежесі: п.ғ.д.

Қызметі: профессор

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

Сарыбекова Жанат Туленовна

Ғылыми дәрежесі: п.ғ.д.

Қызметі: профессор

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

 

 

Азтаева Баршакул Арипкановна

Ғылыми дәрежесі: п.ғ.к

Қызметі: доцент

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

Кушеров Несипбай Мананбаевич

Ғылыми дәрежесі: п.ғ.к.

Қызметі: қауымдастырылған профессор

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

Курманбекова Айгуль Саукымбековна

Ғылыми дәрежесі:  п.ғ.д.

Қызметі: д.м.а.

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

Тамабаева Каракоз Умирзаковна

Ғылыми дәрежесі: п.ғ.к.

Қызметі: доцент

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

Жумабекова Гульбахыт Алхашовна

Ғылыми дәрежесі: п.ғ.к.

Қызметі: сеньор-лектор

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

Фатикова Назифа Агламовна

Ғылыми дәрежесі: п.ғ.м

Қызметі: сеньор-лектор

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

Акынова Гулшат Оразгалиевна

Ғылыми дәрежесі: п.ғ.м

Қызметі: сеньор-лектор

E-mail: Akynova@inboх.ru

 

Таджикова Айгерим Джамбуловна

Ғылыми дәрежесі: п.ғ.м

Қызметі: сеньор-лектор

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

Пірәлі Фатима Елубайқызы

Ғылыми дәрежесі: п.п.ғ.м

Қызметі: сеньор-лектор

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

Сманова Улданай Калдыбаевна

Ғылыми дәрежесі: п.п.ғ.м

Қызметі: ассистент

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

Момбекова Сымбат Бақытжанқызы

Ғылыми дәрежесі: п.п.ғ.м

Қызметі: ассистент

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

Рзатай Айнұр Қуатқызы

Ғылыми дәрежесі: п.п.ғ.м

Қызметі: ассистент

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

Қадірова Еркеназ Болатбекқызы

Ғылыми дәрежесі: п.п.ғ.м

Қызметі: ассистент

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

Жампозова Айгерім

Ғылыми дәрежесі: п.п.ғ.м

Қызметі: ассистент

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

Абуова Диана Болатқызы

Ғылыми дәрежесі: п.п.ғ.м

Қызметі: ассистент

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

Кафедра жетістіктері

 

«Ана – өмір шуағы» атты ашық тәрбие сағаты өтті

2026 жылғы 3 наурыз күні сағат 11:00-де 4-008 аудиториясында 1 курс студенттерінің қатысуымен 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған «Ана – өмір шуағы» атты ашық тәрбие сағаты ұйымдастырылып өткізілді.

Іс-шараның басты мақсаты – анаға деген құрметті арттыру, мейірім мен ізгілікті насихаттау, студенттердің рухани-адамгершілік құндылықтарын дамыту болды.

Ашық тәрбие сағатына «Жастар саясаты және тәрбие жұмысы» басқармасының басшысы Бекназаров Б.А. және жетекші маман Кененбаева А. С. арнайы қонақ ретінде қатысып, ізгі тілектерін білдірді.

Шара барысында ана туралы тағылымды баяндама оқылып, жүрекке жылу сыйлайтын поэзиялық шығармалар, әсем әндер мен көркем билер орындалды. Анаға деген перзенттік сүйіспеншілік пен құрмет ерекше сезіммен жеткізілді.

1 курс студенттері ПжП, МДОТ және БОПӘ білім беру бағдарламалары бойынша өздерінің профессор-оқытушылар құрамына Жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалана отырып, ерекше форматта құттықтау жолдап, заманауи технология мен шығармашылықты ұштастыра білді.

Мазмұнды да әсерлі өткен ашық тәрбие сағаты студенттердің жүрегінде анаға деген шексіз махаббат пен құрмет сезімін тағы бір мәрте жаңғыртып, көтеріңкі көңіл-күймен қорытындыланды.

 

 

 

2026 жылдың 4 наурызында «Педагогика» факультеті, «Жалпы педагогика» кафедрасында «Білім беру жүйесіндегі жасанды интеллект: мүмкіндіктер мен келешек» тақырыбында шолу лекциясы өтті.

Іс-шара барысында білім беру жүйесінде жасанды интеллекттің рөлі, оның оқыту процесіндегі мүмкіндіктері және болашақтағы даму бағыттары талқыланды. Қазіргі цифрлық дәуірде жасанды интеллект білім сапасын арттыруға, оқытуды дараландыруға және педагогтің кәсіби қызметін жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік беретін маңызды құрал екені атап өтілді.

Іс-шараға арнайы қонақтар ретінде Академиялық саясат басқармасының басшысы А.Наренова, басқарма маманы Н.Тескеналиева, сондай-ақ «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» кафедрасының ассистенті Н.Шарапов қатысты. Сонымен қатар «Педагогика» факультетінің деканы, философия докторы (PhD) Т.Нурбеков және «Жалпы педагогика» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к., доцент Р.Елубаева жасанды интеллекттің білім беру жүйесіндегі маңызы туралы өз пікірлерін білдіріп, мазмұнды ойларымен бөлісті.

Сонымен қатар студенттер де ғылыми ізденістерімен бөлісіп, жасанды интеллектті қолдану арқылы дайындалған жобалар мен бейнематериалдарын ұсынды.

Кездесу барысында қатысушылар жасанды интеллекттің білім беру саласындағы мүмкіндіктері мен болашағы туралы өзара пікір алмасып, тақырып аясында қойылған сұрақтарға жауап беріп, тәжірибелерімен бөлісті. Іс-шара еркін форматтағы ғылыми талқылаумен өтіп, қатысушылар арасында қызықты пікірталасқа ұласты. 

Осындай ғылыми-танымдық кездесулер білім беру саласындағы жаңа идеялардың қалыптасуына және студенттердің ғылыми ізденісін дамытуға үлкен мүмкіндік береді.

 

 

 

2026 жылғы 23–24 ақпан күндері Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университеті 6В01204 – «Мектепке дейінгі білім беру (IP)» және 6В01302 – «Бастауыш білім беру (IP)» білім беру бағдарламалары бойынша аккредитациялық тексеруден өтті.

Аталған үдеріс аясында сараптамалық комиссия құрамында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті «Педагогика және психология» кафедрасының аға оқытушысы, PhD докторы, ұлттық сарапшы Таженова Гүлсара Серікқызы, Қ. Тыныстанов атындағы Ыстықкөл мемлекеттік университеті «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, доцент, халықаралық сарапшы Байтикова Тілек Аянбайқызы, сондай-ақ Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті «Мектепке дейінгі білім беру» кафедрасының бағдарламалық көшбасшысы, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор м.а., топ жетекшісі Жубандыкова Ақгүл Мұрзалиева жұмыс жүргізді.

Сарапшылар білім беру бағдарламаларының оқу-әдістемелік, материалдық-техникалық базаларымен танысып, білім алушылар мен профессор-оқытушылар құрамымен кездесулер өткізді.

Іс-шара барысында комиссия мүшелері №35 «Ертөстік» бөбекжай балабақшасы базасында болып, мекеме меңгерушісі Тубаева Гүлнара Салиевна және тәрбиеленушілер тарапынан жылы қабылданды. Сонымен қатар №67 «Жайлы мектеп» ұжымымен, бастауыш сынып оқушыларымен және мектеп директоры Тұрысбек Мұрат Жарылқапұлы кездесу ұйымдастырылды.

Аккредитациялық тексеру барысында білім беру бағдарламаларының мазмұны, сапасы және тәжірибелік даярлау деңгейі жан-жақты сараланып, кәсіби тұрғыда бағаланды.

  

 

Ағымдағы жылдың сәуір айының 22 күні ҚР жоғары оқу орындары білім алушыларының Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткен ХVII Республикалық пәндік олимпиадасына Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университеті, “Жалпы педагогика” кафедрасына қарасты 6В01101 - «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы бойынша 2-3 курс “Soul Light” командасы 3 орынға ие болды.

 

 

2024 жылдың 18-19 қазанында Өскемен қаласындағы Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ университетінде «Мектепке дейінгі білім беру тәжірибесіндегі жаңа талаптар мен жетістіктер» атты XVI республикалық пәндік олимпиадасына 6В01201- «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасының 2-3 курс студенттері сеньор-лектор Н.А.Фатикованың жетекшілігімен республика бойынша 13 команданың ішінен 3 орынға ие болды. Құттықтаймыз!!!

 

 

2024 жылдың 16-17 қазан аралығында Өскемен қаласындағы Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ университетінде 6В013-«Пәндік мамандырылмаған мұғалімдерді даярлау» бағыты бойынша өткізілетін «Болашақ табысты ұстаз-ұлт кепілі» атты XV республикалық пәндік олимпиадасына 6В01301-«Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының 2-3 курс студенттері және “Жалпы педагогика” кафедрасының сеньор-лектор Р.Е.Ажибаеваның жетекшілігімен республика бойынша 17 команданың ішінен біздің институт 3 орынға иеленді.
Олимпиаданың жұмыс барысы төмендегі 4 кезеңмен өткізілді:
1 кезең - “Мұғалім оқушыны табыска жетелейді” таныстыру
2 кезең “ 5 минут жаса” көрнекілік жасау
3 кезең пән бойынша тестілеу
4 кезең - үй тапсырмасы.
Құтты болсын!!!

 

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының «Педагогика» факультеті «Жалпы педагогика» кафедрасы даярлайтын 6В01201- «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу», 6В01101 - «Педагогика және психология» - білім беру бағдарламалары бойынша кешенді емтихандар басталды.
Студенттерімізге сәттілік тілейміз. Білімді, білікті және бәсекеге қабілетті мамандар болуына тілектеспіз.

 

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының «Педагогика» факультеті «Жалпы педагогика» кафедрасы даярлайтын 6В01101 - «Педагогика және психология», 6В01201 - «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу», 6В01301 - «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламалары бойынша студенттер өздерінің теориялық, ғылыми және практикалық ізденістерін жоғары деңгейде көрсете білді және дипломдық жобаларын сәтті қорғап шықты.

 

"Білім сапасын арттырудың өзекті мәселелері" 

29.02.2024ж. "Педагогика" факультеті, "Жалпы педагогика" кафедрасының ұйымдастыруымен "Білім сапасын арттырудың өзекті мәселелері" тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелді өткізудегі мақсат Мемлекет басшысының Жолдауында білім беру сапасын арттыруды дүниежүзілік стандарт деңгейіне жеткізудегі білім беруді дамытудың стратегиялық мүмкіншіліктерін, білім беру сапасын арттыру. Дөңгелекүстелге Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының ректоры э.ғ.д. М.А Баяндин., "Шығармашылық мамандықтар" факультетінің деканы А.С Курманбекова., "Педагогика" факультетінің  деканы А.Е.Ботабаева., "Жалпы педагогика" кафедрасының меңгерушісі Р.С.Елубаева., "Жалпы педагогика" кафедрасының п.ғ.к. Н.М.Кушеров., Таразқаласы №28 балабақшасының әдіскерлері, №44 мектеп, №4 мектеп-гимназиясының мұғалімдері, профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер қатысып, білім сапасын арттыруға қатысты өз ойларымен бөлісіп, пікір, тәжірибе алмасты. Дөңгелек үстел барысында  психологиялық ахуалды орнату үшін "Жалпы педагогика" кафедрасының оқытушылар құрамы тренингтер өткізді. Дөңгелек үстел өте жоғары деңгейде өтіліп, сөз соңында барлық келген қонақтар алғысхаттармен марапатталды.

 

«Ұлы тұлғалардың ізімен»

21 ақпан «Халықаралық анатілі» мерекесіне орай, ұйымдастырылған апталықта "Жалпы педагогика" кафедрасы «Ұлы тұлғалардың ізімен» атты поэзия сағаты өткізді. Іс - шарамызға Тараз қаласының мектептерінің бастауыш сынып оқушылары және институтымыздың талантты студенттеріміз ұлы тұлғалардың шығармашылығынан поэзия оқып, өз өнерлерін жоғары деңгейде көрсете білді. Жоғары өнер көрсеткендер алғыс хаттармен марапатталды. Сонымен апталықтың 3-ші күні өз мәресіне жетті.

 

«Жаңартылған білім беру бағдарламасының өзекті мәселелелері» 

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының «Педагогика» факультетіне қарасты 6В01101-Педагогика және психология; 6В01201-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу; 6В01301-Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі; 6В01701-Қазақ тілі мен әдебиеті; 6В01702-Шетел тілдері:екі шет тілі  Білім Беру бағдарламалары бойынша Тараз қаласының № 12 Керімбай атындағы мектеп-гимназиясы; №23, 30, 16, 32 орта мектептері; № 28, №18, № 9, № 35 бөбекжай-балабақшалары; Абай атындағы педагогикалық колледжі, Жамбыл индустриалды-технологиялық колледжі жұмыс берушілерімен дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелді Академиялық жұмыстар жөніндегі проректоры А.Қадыроваашып, өз пікірін білдіріп, жұмыс берушілерге алғысын білдірді. Академиялық саясат басқармасының басшысы Д.Акимова қосылған жаңа пәндерді мақұлдады. Жұмыс берушілер өз ұсыныстарын білдіріп бірге шешім қабылдайтынын атап айтты. Кездесу өз мәресіне жетіп,қонақтар алғысхаттармен марапатталды.

 

2023 жылдың 14-19 желтоқсан аралығында Түркия мемлекеті Стамбул қаласында өткен «Білім беру саласындағызаманауиүрдістер. Инклюзивтіоқытуәдістері» атты Халықаралық біліктілікті арттыру курсы өткізілді. Аталған курсқа «Педагогика» факультетінің деканы Ботабаева Адемі Еркебайқызы және «Жалпы педагогика» кафедрасының меңгерушісі Елубаева Рахат Сайлаубекқызы қатысып, біліктілігін арттырып қайтты.

Түркия мемлекетінің инклюзивті білім беру жүйесіне байланысты дәрістер оқылып, шетелдік әріптес оқытушылар өз іс-тәжірбиесімен бөлісіп, тренингтер жүргізді. Бұл Халықаралық біліктілікті арттыру курсына Қазақстанның түрлі аймақтарынан педагогтер қатысты. Курсты Қазақстандағы «Алтын ғасыр» оқу орталығы және Туркияның Халық университеті бірлесе отырып, ұйымдастырып өткізді. Курс соңында 72 сағаттық Халықаралық біліктілікті арттыру курсының сертификаты табысталды.

 

 

2023 жылдың 7-8 желтоқсанында сағат 11:00,15:00 аралығында "Жалпы педагогика" кафедрасы ұйымдастыруымен 6В01101- "Педагогика және психология", 6В01301- "Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі" білім беру бағдарламалары бойынша пәндік олимпиада өткізілді.

Олимпиаданың басталу салтанатын“ Педагогика” факультетінің деканы п.ғ.к., Ботабаева А.Е. және “Жалпы педагогика” кафедарсының оқытушылары қатысты.

6В01101- “Педагогика және психология” ббб бойынша олимпиада кезеңдері:
1. Топтың визит картасы [5-7мин].
2. Психологиялық пікірталас [20 мин]
3. Ғылыми жоба [25-30 мин]

6В01301- "Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі" ббб бойынша олимпиада кезеңдері:
1. Топтың визит картасы [7-10 мин].
2. ”Педагогтың кәсіби құзыреттілігі” тақырыбында шеберлік сыныбы [25-30мин]
3. Базалық пәндер бойынша сұрақтар топтамасы [20-25 мин]
4. Ғылымижоба [25-30 мин]

Олимпиада қорытындысы командалар бойынша есептелінді. Үздік нәтиже көрсеткен студенттер марапатталды.

 

2023 жылы 22 қарашада «Педагогика» факультеті «Жалпы педагогика» кафедрасының оқытушылары және студенттер Тараз қаласы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы 85395 әскери бөлімшесімен «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының студенттерінің кәсіби, әлеуметтік-мәдени бағыттылығын және жалпы мәдени құзыреттіліктердің қалыптасуына, институт пен жұмыс берушінің арасындағы қарым-қатынас әлеуметтік серіктестікті орнату мақсатында екіжақты келісім-шартжасалып, меморандумғақолқойыпқайтты.Кафедраның аға оқытушылары Н.А.Фатихова мен Р.Е. Ажибаева және инклюзивті білім беру және психологиялық қолдау орталығының жетекшісі А.Түймебай «Әлеуметтік ортадағы жанжалды жағдайлар мен суицидтік көріністердің алдын-алу» тақырыбында әскерилерге лекция оқылды және психологиялық тренингтер жүргізді.

 

«Жалпы педагогика» кафедрасының ұйымдастыруымен Тараз қ. №28 Бөбекжай балабакшасында әр баланың қызығушылықтары мен ерекшеліктерін ескере отырып, адами және ұлттық құндылықтар негізінде дамыту мақсатында «Мектепке дейін тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларды бекіту мәселесі бойынша дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге №9, №18, №39 бөбекжай балабақшаларының әдіскерлері қатысты.

 

 

«Педагогика» факультеті «Жалпы педагогика» кафедрасының ұйымдастыруымен Тараз қ. №23, №12, №5 білім беру мекемелерінен және №23, №9, №18, №39 балабақшаларының жұмыс берушілерімен Білім беру бағдарламасы бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

 

«Жалпы педагогика» кафедрасының меңгерушісі п.ғ.к., доцент Елубаева Р .С., профессорҚ.Болеев және профессор-оқытушылар құрамының ұйымдастыруымен “Ұстаз аты- биік әлі мәңгілік”тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел барысында профессор Қ. Бөлеев және п.ғ.к. Кушеров Н.М. тақырыпқа сай әзірлеген баяндамаларын оқыды. 

 

 

ҚҰЗЫРЛЫ ПЕДАГОГ МАМАНДАРЫН ДАЙЫНДАУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ


ҚазақстанРеспубликасыбілім беру заңындакөрсетілгеніндей, адамзатқұндылықтары, ғылым мен тәжірибенегізінде, жекетұлғанықалыптастыруғақажеттіжағдайлардыжасау - білім беру жүйесініңнегізгіміндетіболыпотыр. ХалықаралықТаразинновациялық институты кәсібимамандардыдайындаумәселесіншешудің де жаңажолдарынқарастырумақсатыменүнеміигіістердің басы-қасындажүретін ЖОО-ныңбірі. Институт ректоры, профессорЕ.Б.Саурықовтыңқолдауымен, «Педагогика» факультетінің деканы М.Т.Қожаеваныңбастамасымен, «Жалпы педагогика» кафедрасыныңмеңгерушісіп.ғ.к. Р.С.Елубаеважәне ПОҚ-ныңұйымдастыруыменСатпаевкөшесі 1 «А» оқуғимаратындазаманауиталапқасайжабдықталған «Біріншісыныпкабинеті» және «Психологиялық-педагогикалықпәндерзертханасының» салтанаттыашылуыөтті.
Тұсаукесербарысында институт ректоры Е.Б.Саурықовалғы құттықтаусөзсөйлеп, зертханалардыңсалтанаттыашылулентасынМ.Х.ДулатиатындағыТаразөңірлікуниверситеті «Әлеуметтік психология» кафедрасыныңдоценті, п.ғ.к. Р.Қ. Керімбаеваменбіргеқиды.

«Жалпы педагогика» кафедрасыныңмеңгерушісі, п.ғ.к., доцент Р.Е.ЕлубаевабүгінгіҚазақстандықмектептергеқоғамныңқарқындыдамуынаілесеалатын, заманталабынасайойлайтын, ғылыми-әдістемелікбіліміжеткілікті, педагогика мен психологиянытереңмеңгергенізденімпазмұғалімқажет. Бұлмұғалімніңкәсібишеберлігіненкөрінеді. Басқашаайтқанда, білім беру үдерісімұғалімніңдайындықдеңгейі мен мамандықсапасынаүлкенталапқояды. Олмұғалімніңөзін-өзідамытуына, өзіндікбілімалуынажәнеөздігіненшығармашылықтүрдеқызметтерініскеасыруғамүмкіндікбереді. Мұғалім – бүгінгіоқушы – ертеңгіқоғамның, елдіңтірегінөміргедайындаушы. Ендеше,мамандаярлаудамұндайзаманауижабдықталғанзерханалықкабинеттердіңролізорекендігінтілгетиекетті.«Бірінші сынып кабинеті» зертханасымен «Жалпы педагогика» кафедрасының аға оқытушысы,магистр Р.Е.Ажибаева таныстырды. «Психологиялық-педагогикалық пәндер зертханасымен» оқытушы А.Д.Таджикова таныстырды. «ПжП 18-1» тобының студенттері Нұрлыбай Айгерім, Бекбергенов Алдияр және «БОПӘ 19-1» тобының студенті Арпабек Меруерт оқу ордасының басшылығына,сапалы білім беріп отырған кафедра оқытушыларына алғыс сөздерін айтып, ризашылықтарын білдірді. Әйтсе де, кейінгі курс студенттеріне қазіргі уақытта білім беру саласында өзгерістер көп, сол өзгерістерге лайық педагог болу үшін қойылатын талаптар да күрделі екендігін, бұл адамның шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту қажеттігіне мән беру маңыздылығын айтып, сәттілік тіледі.
Жақсыны көрмекке демекші, келген қонақтарымыз зертханалардың заманауи талапқа сай, студенттерге қажетті дидактикалық материалдармен талғаммен жабдықталуына ризашылықтарын білдірді. 

 

 

 

А.БАЙТҰРСЫНҰЛЫ МҰРАСЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ: ДЕРЕК ПЕН ДӘЙЕК


2022 жылдың сәуір айының 19 жұлдызында Халықаралық Тараз инновациялық институты, «Педагогика» факультетінің ұйымдастыруымен А.Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай «А.Байтұрсынұлы мұрасының зерттелуі: дерек пен дәйек» (ғылым, тәрбие, рухани-жаңғыру) тақырыбында аймақтық апталықтың жоспарына сәйкес, «Жалпы педагогика» кафедрасының ұйымдастыруымен «Ахмет Байтұрсынұлының педагогикалық жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел қонақтары:

1. М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Абдыкадырова Турсынай Рыстаевна.

2. М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, «Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту» кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Касымов Мурат Рахымбекович.

Дөңгелек үстел жұмысының барысында барлық қойылған сұрақтар мен көтерілген мәселелер қатысушылардың ерекше назарына алынып, А.Байтұрсынұлының шығармалары мен өмір жолы талқыланды.

Дөңгелек үстелдің мақсаты – қазақ халқының әлеуметтік, саяси, мәдени, тарихи өмірінде орны айрықша зор тұлға – Ахмет Байтұрсынұлының халықтық тәлім-тәрбиелік ойларының негізінде студенттер бойына адамгершілік, ұлтжандылық, отансүйгіштік қасиеттерді дарыту; ақын, қоғам қайраткері, педагог – ұстаздың құнды мұраларын дәріптеп, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу.

Шара соңында баяндамашылар институт ректоры Ерболат Саурыковтың алғысхаттарымен марапатталды.

 

 

Білім беру бағдарламалары

 

Бакалавриат

6В01204 - Мектепке дейінгі білім беру IP

6В01302 - Бастауыш білім беру (IP)

6В01201 - «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасы

6B01202 - «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту педагогикасы»

6В01101 - «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы

6В01301 - «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасы

Магистратура

Магистранттарды шетелге тағылымдамаға жіберу туралы

Сертификаттар

7M01101 - «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы

7M01101 - «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы 2025-2027

7M01102 - «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы

7M01102 - «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы 2025-2026

 

Біліктілікті арттыру

 

Профессор-оқытушылар құрамының біліктілікті арттыру бойынша иеленген сертификаттары

Ғылым

 

Профессор-оқытушылар құрамының ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау бойынша жарияланған еңбектері мен жетістіктері

«Жалпы педагогика»  кафедрасының профессор-оқытушылар құрамының 2025 жылдық ғылыми-зерттеу жұмыстары

Оқулық

Оқу құралы

Монография

Алғыс хаттар

Баспадан шыққан монографиялар, оқулықтар және оқу құралдары

 

Ашық сабақтар

 

07.04.2026 на кафедре «Общая педагогика» состоялось открытое занятие.

Открытый урок был проведен  в группе Ия-24-2 по дисциплине «Менеджмент образования».

Тема урока: «Особенности общения в педагогическом коллективе»

Преподаватели: сеньор-лектор Таджикова Айгерим Джамбуловна, ассистент Абуова Диана Болатовна

Общение в педагогическом коллективе — это: профессиональное взаимодействие между педагогами обмен информацией, опытом, эмоциями.

Педагогический коллектив — это особая профессиональная среда, в которой взаимодействие строится не только на деловых, но и на морально-этических принципах. Эффективное общение между педагогами напрямую влияет на качество образовательного процесса, психологический климат и успешность обучающихся. Общение в педагогическом коллективе — это процесс установления и развития контактов между коллегами, основанный на профессиональных задачах, ценностях и нормах педагогической этики. В рамках учебного процесса на кафедре «Общая педагогика» состоялось занятие, направленное на развитие коммуникативных навыков студентов и формирование культуры профессионального общения в педагогическом коллективе.

Занятие началось с разминки «Комплимент по кругу», где каждый студент обратился к своему соседу с коротким позитивным высказыванием. Данный формат способствовал созданию благоприятной психологической атмосферы, укреплению взаимного уважения и сплоченности группы.

В основной части занятия был использован метод «вопрос–ответ». Студенты обсудили ключевые вопросы: что такое общение, почему оно играет важную роль в педагогическом коллективе, а также какие трудности могут возникать в процессе взаимодействия между коллегами. Обсуждение позволило обучающимся выразить собственное мнение и глубже осмыслить значение эффективной коммуникации в профессиональной деятельности.

Особый интерес вызвал метод «мозгового штурма», в ходе которого участники активно предлагали идеи по улучшению общения в педагогической среде и поиску путей решения возможных конфликтных ситуаций.

Проведённое занятие способствовало развитию коммуникативной компетентности студентов, формированию навыков конструктивного взаимодействия и повышению уровня их профессиональной подготовки.

В ходе открытого урока были использованы современные методы обучения, подробно обсуждены особенности общения в педагогическом коллективе. Студенты приняли активное участие, высказали свое мнение, выполнили практические задания. В ходе открытого урока были использованы новые технологии, японские методы обучения. Содержание открытого урока было наполнено глубоким и эффективным педагогическим опытом. Участники обменялись опытом и повысили профессиональные компетенции.

Урок прошел на высоком уровне, были широко рассмотрены важные направления в образовательном процессе.

Благодарим всех коллег и студентов, принявших участие!

 

 

2025 жылдың 10 желтоқсан күні «Жалпы педагогика» кафедрасының ассистенттері У.К. Сманова, А.Қ. Рзатай және Е.Б. Қадірова БОПӘ-24-1,3 топтарымен «Жалпы психология» пәнінен мазмұны терең, әдістемелік тұрғыдан жан-жақты ашық сабақ өткізді.

Сабақтың тақырыбы — «Қабілет», мақсаты — студенттердің кәсіби ой-өрісін кеңейту, теорияны тәжірибемен ұштастыру және әр білім алушының ішкі әлеуетін ашуға бағытталды.

Сабақ барысында топтық жұмыс, ой қозғау, практикалық талдау, жағдаяттық тапсырмалар сияқты интербелсенді әдістер қолданылып, студенттердің қызығушылығы артты.
Әр қатысушы өз пікірін ашық айтып, қабілет ұғымын тереңірек түсінуге мүмкіндік алды.

Жалпы, ашық сабақ жоғары деңгейде өтіп, студенттердің танымдық белсенділігін күшейтті және пәнге деген ынтасын арттырды.

 

“Жалпы педагогика” кафедрасының сеньор лекторы Пірәлі Фатима Елубайқызы 04.12.2025 жылы  ҚТ-23-1, 3 топтарымен “Инклюзивті білім беру” пәнінен ашық сабақ өтті. Ашық сабақтың тақырыбы: “Кемтар балаларды қамқорлаудың жаңа жолдары”. Ашық сабақ жоғары деңгейде өтіліп, көптеген интербелсенді әдістер: “Learningaps”, “Кейс карта”, “Инклюзивті білім беруде AI: кемтар балаларды қолдаудың инновациялық тәсілдері»” видеоролик, “Empathy Game”, “Hands-on Simulation” әдістері қолданылды.

 

“Жалпы педагогика” кафедрасының ассистенті Момбекова Сымбат Бақытжанқызы 27.11.2025 жылы ДШ-24-1,11 топтарымен Педагогика пәнінен ашық сабақ өтті. Ашық сабақ тақырыбы: Бағалаудың түрлері, формалары, әдістері. Ашық сабақта қолданған әдістер: Джиксо, Топпен жұмыс, презентация, Кроссворд әдістері қолданылды.

 

“Қазақ тілін оқыту әдістемесі” пәні аясында БОПӘ-22-1 тобына арналған ”Әдебиеттік оқу технологиясы” тақырыбындағы ашық бинарлы сабақ сәтті өтті.

Н. Фатихова мен А. Таджикова жетекшілігімен өткен бұл сабаққа ассистент С. Момбекова қатысып, әдістемелік қолдау көрсетті.

Сабақ барысында студенттер белсенділік танытып, өз білімдерін тереңдетіп, шығармашылық қабілеттерін шыңдады.

Ашық сабақ жоғары деңгейде өтіп, өз мақсатына толық жетті.

 

2025 жылдың 3-ші наурызында “Жалпы педагогика” кафедрасының сеньор-лекторы Ажибаева Р.Е., және ассистенттері: Пірәлі Ф.Е., Сманова У.К. БОПӘ-22-1 тобымен “Әдебиеттік оқыту әдістемесі” пәнінен бинарлы ашық сабақ өтті. Ашық сабақтың тақырыбы: “Әдеби талдаудың негізгі тәсілдері мен бағыттары”. Ашық сабақ жоғары деңгейде өтіліп, көптеген интербелсенді әдістер: “Learningaps”, “Блум таксономиясы”, “Рөлдік ойындар”, “6- қалпақ” әдістері қолданылды. Сабақ жоғары деңгейде өтті.

 

Желтоқсан айының 4 күні “Жалпы педагогика” кафедрасының ассистенттері: Пірәлі Ф.Е., Момбекова С.Б., Қадірова Е.Б., Шт-22-3 тобымен “Инклюзивті білім беру” пәнінен ашық сабақ өтті. Ашық сабақтың тақырыбы: “Кемтар балаларды қамқорлаудың жаңа жолдары”. Ашық сабақ жоғары деңгейде өтіліп, көптеген интербелсенді әдістер: “Learningaps”, “Word wall”, “Headphone”, “Button” әдістері қолданылды.

 

Қараша айының 29 күні "Жалпы педагогика" кафедрасының сеньор-лекторы Абаева А.К., ассистенттер Рзатай А.Қ. және Сманова У.К. БОПӘ-23-1,5 топтарымен "Жалпы психология" пәнінен ашық сабақ өтті. Ашық сабақтың тақырыбы: Темперамент және тұлғаның іс-әрекет ерекшеліктері.
Ашық сабаққа: "Педагогика" факультетінің деканы Нурбеков Т.Б., "Жалпы педагогика" кафедрасының меңгерушісі Елубаева Р.С. және сеньор-лекторлар Фатихова Н.А., Ажибаева Р.Е. қатысты.
Ашық сабақ жоғары деңгейде өтіліп, көптеген интербелсенді әдістер қолданылды.

 

К.п.н., сеньор-лектор кафедры “Общая педагогика” К.С. Бактыбаева по образовательной программе 6В01702 - «Иностранный язык: два иностранных языка». Провела открытое занятие с группой ИЯ-23-2 на уровне института по теме «Таксономия целей обучения: пирамида Блума. Оценка знаний на основе таксономии Блума».
Цель открытого занятия: Углубить теоретические знания из лекционного материала путем дополнения, уточнения, обсуждения. Научить разрабатывать уровневые задания, используя глаголы и вопросы таксономии Блума.
Методы обучения: мозговой штурм, SWOT анализ, кубик Блума, ромашка Блума, обратная связь.

 

26.04.2024ж. «Педагогика» факультетіне қарасты «Жалпы педагогика» кафедрасының аға оқытушысы А.К.Абаева мен оқытушылар А.Қ.Рзатай, У.К.Сманова 6В01301 – «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасына «Балалар әдебиеті» пәнінен «Бастауышта М.Әуезов шығармаларының оқытылуы» атты тақырыпта факультет деңгейінде бинарлы ашық сабақ өткізілді. Ашық сабақтың мақсаты – студенттерді өзіндік ізденіс жұмыстарына баулу, өзіндік ой-пікірін қалыптастыру, сөздік қорын молайту, көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру. Сабақта: Wordwall платформасында «Суреттер сөйлейді», «Кездейсоқ дөңгелектер» әдістері, видеосұрақтар, топтық талқылау, кері байланыс жүргізілді. Ашық сабаққа: «Педагогика» факультетінің деканы А.Е.Ботабаева, «Жалпы педагогика» кафедарсының меңгерушісі Р.С.Елубаева, «Сапа, аккредиттеу және рейтинг» басқармасының маманы Г.М. Муханмедярова және «Жалпы педагогика» кафедрасының аға оқытушысы Н.А.Фатихова, оқытушылар А.Д.Таджикова, Ф.Е.Пірәлі, С.Б.Момбекова қатысты. Ашық сабаққа келген қонақтар өз ойларымен бөлісіп, сабақ жоғары деңгейде өтілді.

 

Ашық сабақтар

Практика және дуалды оқыту

 

Ағымдағы жылдың 3 сәуір күні «Жалпы педагогика» кафедрасы даярлайтын 6В01101 – «Педагогика және психология», 6В01201 – «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» және 6В01301 – «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламаларының 3-курс студенттері үшін 06.04.2026–17.04.2026 жж. аралығында өтетін «Оқу-тәрбиелік» (үздіксіз) және 20.04.2026–15.05.2026 жж. аралығында өтетін «Педагогикалық» тәжірибелеріне байланысты кету конференциясы ұйымдастырылды. 

Конференция барысында кафедра меңгерушісі, п.ғ.к. Елубаева Р.С., тәжірибе барысын бақылаушы және жауапты сеньор-лектор Фатихова Н.А., сондай-ақ оқу-әдістемелік жұмыстарға жауапты сеньор-лектор Таджикова А.Д. студенттерге тәжірибеден өту тәртібі, әдістемелік нұсқаулықтар және техникалық қауіпсіздік шаралары туралы толық ақпарат берді. 

Тәжірибенің мақсаты:

- студенттердің теориялық білімдерін практикада тиімді қолдануын қамтамасыз ету;

- кәсіби педагогикалық құзыреттіліктерін қалыптастыру;

- білім беру үдерісін ұйымдастыру, жоспарлау және талдау дағдыларын дамыту;

- білім алушылармен тиімді қарым-қатынас орнату және тәрбие жұмысын жүргізу біліктерін жетілдіру;

- болашақ маман ретінде жауапкершілік пен кәсіби мәдениетті қалыптастыру. 

Тәжірибе бойынша негізгі нұсқаулықтар:

- тәжірибе базасының ішкі тәртіп ережелерін сақтау;

- күнтізбелік-тақырыптық жоспарға сәйкес жұмыс жүргізу;

- күнделікті (күнделік) және есеп құжаттарын уақытылы толтыру;

- жетекші оқытушы мен мекеме тарапынан берілген тапсырмаларды орындау;

- сабақтарға дайындықты сапалы ұйымдастыру және әдістемелік талаптарды сақтау;

- білім алушылармен жұмыс барысында педагогикалық әдеп нормаларын ұстану;

- қауіпсіздік техникасы ережелерін қатаң сақтау;

- тәжірибе соңында қорытынды есеп пен есеп беру құжаттарын тапсыру. 

Конференция соңында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тәжірибеге қатысты қажетті мәліметтер алды.

 

 

4 курс студенттерінің практика қорытындысы сәтті қорғалды! 

03.04.2026ж ПЖП, МДОТ және БОПӘ білім беру бағдарламаларының 4 курс студенттері педагогикалық (өндірістік) практикадан өтіп, өз есептерін жоғары деңгейде қорғады. Студенттер практика барысында алған білімдері мен тәжірибелерін нақты мысалдар арқылы көрсетіп, кәсіби біліктіліктерін дәлелдей алды. 

Қорғау жұмысына кафедрадан сеньор-лектор Фатихова Н.А. және Сексенбаева Ж.М. қатысып, студенттердің жұмыстарына әділ бағаларын беріп, құнды ұсыныстарымен бөлісті.

 

 

 

 

 

 

Ағымдағы жылдың сәуір айының 3 күні “Жалпы педагогика” кафедрасы даярлайтын 6В01201 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу білім беру бағдарламасының МДТ 23-1 тобы 3 курс студенттері дуалды оқыту бағдарламасы аясында Тараз қаласының 18 бөбекжай балабақшасының меңгерушісі Оспанова Жанар Рапильбековна және музыка жетекшілері Садиева Гульхан Файзурахмановна Жакыпбек Аяулым Уәлиқызымен “Сал-серілік өнер” атты тақырырыбында ашық сабақ өткізді.

Сабақтың мақсаты:

Білім алушыларға қазақ халқының сал-серілік өнері туралы түсінік беру, ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын арттыру, эстетикалық талғамын қалыптастыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту. 

- Сабақ барысында келесі әдіс-тәсілдер қолданылды:

- түсіндіру және әңгімелеу әдісі;

- сұрақ-жауап әдісі;

- көрнекілік әдісі (суреттер, бейнематериалдар);

- ойын арқылы оқыту;

- шығармашылық тапсырмалар (ән айту, рөлдік ойындар);

- рефлексия әдісі. 

Дуалды бойынша ашық сабақ барысында студенттер тақырыпты жан-жақты ашып, балалардың қызығушылығын арттыра отырып, белсенді қатысуына жағдай жасады. Сабақ мазмұны тәрбиелік және танымдық тұрғыдан жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Ашық сабаққа университеттің академиялық жұмыстар жөніндегі бөлімінің дуалды оқыту секторының маманы Дуралиева Б.Ж. Практика жетекшісі Сексенбаева Ж. М, кафедра меңгерушісі Елубаева Р.С, және сеньор -лектор Фатихова Н.А қатысты.

 

 

 

2026 жылғы 13 наурыз күні Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің Педагогика факультетіне қарасты «Жалпы педагогика» кафедрасының ұйымдастыруымен «Психологиялық-педагогикалық практикасына келу» қорытынды конференциясы өткізілді.
Аталған конференцияға 6В01101 – «Педагогика және психология», 6В01201 – «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу», 6В01301 – «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламаларының 2-курс студенттері қатысты.

Практика барысында студенттер білім беру ұйымдарында өткізген сабақтары мен тәрбие сағаттары бойынша өз тәжірибелерімен бөлісіп, атқарған жұмыстарының нәтижесін жоғары деңгейде қорғады. Болашақ педагогтар практика кезеңінде жинақтаған тәжірибелері арқылы кәсіби құзыреттіліктерін көрсетіп, шығармашылық белсенділіктерін таныта білді.
Конференция жұмысына кафедра меңгерушісі Р.С. Елубаева, сеньор-лекторлар Н.А. Фатикова, А.Д. Таджикова, Ф.Е. Пірәлі, сондай-ақ ассистенттер У.К. Сманова, А.Қ. Рзатай қатысты. Оқытушылар студенттердің практика барысында көрсеткен жауапкершілігі мен белсенділігін жоғары бағалап, олардың болашақ кәсіби жолына сәттілік тіледі.
Жалпы педагогика кафедрасы болашақ мамандардың кәсіби қалыптасуына бағытталған мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табатынын атап өтеді.

 

 

2026 жылдың 16 - шы ақпанында Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Университеті, “Педагогика” факультетінің “Жалпы педагогика” кафедрасының ұйымдастыруымен 6В01101 “Педагогика және психология”, 6В01201 “Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу”, 6В01301 “Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі” білім беру бағдарламаларының 1 курс студенттері үшін 4-008 аудиториясында “Оқу-таныстыру” және “Педагогикалық” практикасына келу конференциясы өткізілді.
Бұл конференция студенттердің кәсіби жолындағы алғашқы қадамдарын нықтай түсіп, білім алып жүрген саладағы теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыруға арналған маңызды кезе екенін атап өтті.
Сонымен қатар, барлық студенттерге практикалық іс-шараларға арналған бағдарламалар ұсынылды.
Конференцияға сеньор-лектор Фатикова Н.А., Таджикова А.Д., қатысты.

 

26.01.2026 ж. сағат 10:00-де «Оқу-танысу» және «Педагогикалық» практикаларына кетуге арналған конференция өткізілді. Конференция барысында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кафедра меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Елубаева Р.С., сондай-ақ практика жетекшісі Фатихова Н.А. 1-курс студенттеріне практиканы өту тәртібі, мақсаты мен міндеттері туралы толық ақпарат берді.

 

 

2024-2025 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ I СЕМЕСТРІНІҢ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША СЕРІКТЕС КӘСІПОРЫНДАР ЖӘНЕ КӘСІПОРЫНДАР ТАРАПЫНАН ОҚЫТУШЫЛАРДЫ ЖӘНЕ ТӘЛІМГЕРЛЕР ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

 

2024-2025 оқу жылында дуалды оқыту элементтерін іске асыру бойынша, студенттерді сапалы біліммен қаруландыру, тәжірибе жинақтау және дуалды оқыту серіктестікті ұлғайту мақсатында Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университеті, "Педагогика" факультеті,"Жалпы педагогика" кафедрасына қарасты 6В01101-ПЖП,6В01201-МДОТ,6В01301-БОПӘ білім беру бағдарламаларының 3 курс студенттері Тараз қаласының »Асыл Мирас» аутизм орталығы, № 23,12 мектеп-гимназиялары және №9, 28 «Әсем Әлем» Бөбекжай балабақшаларында дуалды оқыту бойынша дәріс және семинар сабақтары 3 және 4 курс студенттеріне жүргізілуде.

 

10.01.2025ж. Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университеті “Педагогика” факультеті “Жалпы педагогика” кафедрасына қарасты 6В01101 «Педагогика және психология» , 6В01201 «»Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу», 6В01301 “Бастауыш оқытудың педагогикасымен әдістемесі” білім беру бағдарламаларының 4 курс студенттерімен "Педагогикалық" практикасының кету конференциясы өткізілді. Топтардағы студенттер университет бұйрығымен танысып, бөлінген білім беру мекемелеріне мектептерге жіберілді. Барлық студенттер практиканың бағдарламасына сай белсенді түрде сабақ өткізу, ашық сабақ және тәрбие сағаттарын жүргізу қажеттілігі түсіндірілді. Конференцияға кафедра меңгерушісі Елубаева Р.С., аға оқытушылар: Фатикова Н.А., Ажибаева Р.Е., Абаева А.К., Таджикова А.Ж., оқытушылар: Пірәлі Ф.Е., Момбекова С.Б., Сманова У.К., Рзатай А.Қ., Қадірова Е.Б. қатысты.

 

 

12.01.2024 жылы Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты "Педагогика" факультеті "Жалпы педагогика" кафедрасына қарасты  6В01101 "Педагогика және психология" және 6В01201 "Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу", 6В01301 "Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі" білім беру бағдарламасының 2 курс студенттерімен "Педагогика психологиялық" практикасының кету конференциясын өткізді. Барлық студенттер бұйрықпен таныстырып, қауәпсіздік ережесіне қол қойды. Студеттерді баратын мектеп, колледж және балабақшалармен таныстырды. Конференцияға кафедра меңгерушісі Елубаева Р.С., аға оқытушылар: Фатикова Н.А., Ажибаева Р.Е., Абаева А.К., оқытушылар: Пірәлі Ф.Е., Момбекова С.Б., Сманова У.К., Рзатай А.Қ., Қадірова Е.Б қатысты.

 

 

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты,"Педагогика" факультеті,"Жалпы педагогика" кафедрасына қарасты 6В01301-,"Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі" білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері,"Оқу тәрбие" жеке,"Педагогикалық" практикасына кету конференциясы өткізілді. Студенттерді бұйрықпен таныстырып, бөлінген қалалық және аудандық мектептерге жіберілді. Кафедраның жауапты мұғалімдері қатысып, бағдарламасы мен таныстырылды.

 

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты “Педагогика” факультеті “Жалпы педагогика” кафедрасына қарасты 6В01301 “Бастауыш оқытудың педагогикасымен әдістемесі” білім беру бағдарламарының 4 курс студенттерімен "Дипломалды практикасы" және "Педагогикалық" практикасының кету конференциясын өткізді. Барлық студенттер бұйрықпен бөлінген қалалық мектептерге барды. Барлық студенттер практика барысында бақылау жүргізіп, белсенді сабақ өткізуде, ашық сабақ және тәрбие сағаттарын жүргізуде. Конференцияға кафедра меңгерушісі ЕлубаеваР.С., аға оқытушылар: ФатиковаН.А., АжибаеваР.Е., АбаеваА.К., оқытушылар: ПірәліФ.Е., МомбековаС.Б., СмановаУ.К., РзатайА.Қ., ҚадіроваЕ.Б., қатысты.

 

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты «Педагогика» факультетіне қарасты "Жалпы педагогика” кафедрасының 6В01101 - “Педагогика және психология”, 6В01201 -“ Мектепкедейінгі оқыту және тәрбиелеу”, 6В01301 - “Бастауыш оқытудың педагогикасымен әдістемесі” білімберу бағдарламаларының 1 курс студенттерінің “Оқу-танысу”  практикасы институтта өтілді. Практикабарысында студенттер институттың ішкі талаптарымен,  білім беру бағдарламаларына қарасты аудиториялармен, оқу жабдықтарымен қамтылған кітапхана қорымен, студенттерге арналған "Қысқыбаққа" саяхат жасап, студенттерге таныстырып көрсетілді.

 

28.11.23 жылы сағат 12:00 “Педагогика” факультетіне қарасты “Жалпы педагогика” кафедрасының  6В01201 - “Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу” білім беру бағдарламасы дуалды оқыту бойынша Тараз қаласындағыТОО “ДанЕлДи”, “Әсем әлем” бөбекжай бақшасында Мдот-20-1 тобының қатысуымен “Мектеп жасына дейінгі балалардың музыкалық теориясымен әдістемесі” пәнінен ашық сабақ өткізілді.

 

24.11.2023 ж. сағат 10:20-да №9 бөбекжай балабақшасында МДОТ-20-1 тобының қатысуымен "Отбасы өмірдің этикасы мен психологиясы пәнінен," М.Жұмабаевтың педагогикалық көзқарастары" атты ашық сабақ өткізілді. Ашықсабақ "КЕЙССтади" әдісібойынша өткізілді. Ашық сабаққа "Академиялық саясат басқармасымен бірге" Дуалды оқыту бойынша жауапты маман Б. Дуралиева және "Жалпы педагогика" кафедрасының аға оқытушысы Н.Фатихова қатысты. Ашық сабақ жоғары деңгейде өткізіліп, өз мәресіне жетті.

 

Дуалды оқыту элементтерін іске асыру бойынша 6В01101” “Психология және педагогика” мамандығының 4-шікурс студенттері 23-ші орта мектебінде семинар өткізуде.

 

Мдот 21/1 тобының студенттері 28 бөбекжай балабақшасында дуалды оқыту бойынша практикалық сабақта.

 

Бопә 21/1,3 топтары Керімбай атындағы 12 мектеп гимназиясында дуалды оқыту бойынша семинар сабақтарын өтуде.

 

Пмно 21/2 тобының студенттері  23 орта мектебінде дуалды оқыту бойынша тәжірибе алуда.

 

2023-2024 оқу жылында дуалды оқыту элементтерін іске асыру бойынша Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты,"Педагогика" факультеті,"Жалпы педагогика" кафедрасына қарасты 6В01101-ПЖП,6В01201-МДОТ,6В01301-БОПӘ білім беру бағдарламасы бойынша,Тараз қаласының 23,12 мектеп-гимназиясы, 9, 28 Бөбекжай балабақшасы және индустриялды-технологиялық колледжіне дуалды оқыту бойынша дәріс және семинар сабақтары 3 және 4 курс студенттеріне жүргізіледі. Мақсаты-студенттерді біліммен қаруландыру және дуалды оқыту серіктестікті ұлғайту.

 

2023-2024 оқу жылында дуалды оқыту элементтерін іске асыру бойынша "Жалпы педагогика"кафедрасына қарасты 6В01201-"Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу" білім беру бағдарламасы бойынша 28,9 бөбекжай балабақшасында дуалды семинар сабағын өткізеді.

 

2023-2024 оқу жылында дуалды оқыту элементтерін іске асыру бойынша "Жалпы педагогика" кафедрасына қарасты 6В01101-“Педагогика және психология" білім беру бағдарламасы бойынша 3 курс студенттері, Тараз қаласының индустриалды-технологиялық колледжінде дуалды бойынша практикалық сабақтарын өткізуде.

 

Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының, “ Педагогика” факультеті, “Жалпы педагогика” кафедрасына қарасты “Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу” мамандығы дуалды оқыту бойынша №35 “Ер Төстік“ балабақшасында, МДОТ -20/1 тобымен "Коррекциялық педагогика негіздері” пәнінен ашық сабақ өткізді. Сабақ өте қызықты өтті. Студенттер белсенді қатысты. Балабақша педагогы өз алдына қойған мақсатына жетті. Сабақ жоғары деңгейде өтті.

 

 

“Сауат ашу кезеңінде пайдаланылатын дидактикалық материалдар”

2022 жылдың 28 сәуірінде “Жалпы педагогика” кафедрасының аға оқытушысы, магистр Ажибаева Роза Елібайқызы Тараз қаласы Ш.Смаханұлы атындағы N 44 орта мектебінде дуалды оқыту бойынша Бопә 19-1 тобымен «Дидактикалық материалдарды пайдалану әдістемесі» пәнінен ашық сабақ өткізді.

Сабақ студенттерді Ұлы Абай атамыздың 17-ші қара сөзіндегі ғылымға жетелейтін жол “Қайрат, Ақыл, Жүрек” атауларымен топтарға бөлінуімен басталды. Студенттерге өткен тақырыптар бойынша «Миға шабуыл» әдісін қолдана отырып төмендегі платформада тест сұрақтары жүргізілді.

https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSfelqSaE-hpgIV6Ob9-mkdcOd558Ufre2b329k1WeFMekrPCg/viewform?vc=0&c=0&w=1&flr=0

Сабақтың тақырыбына сай төмендегі платформада сұрақ-жауаптар жүргізілді. https://wordwall.net/ru/resource/31671754

Сабақтың тақырыбына сай төмендегі платформада топтарға тапсырмалар берілді. https://learningapps.org/watch?v=pdp3xw3ft22

Бейне-сұрақ /Оқытушылардың тақырыпқа сай сұрақтары/

Шығармашылық ізденіс: интербелсенді әдістер: «ақыл- ой» картасын қолдану: /топтар бірлесе отырып, өздерінің жинаған мәліметтерін ортаға салып, әртүрлі форматта талқылады, орындады/

Қорытынды /Екі жүрек бір тілек/ әдісін қолданып, топтар тапсырмалар бойынша бір-бірлерін бағалап, кері байланыс орнатты.

 

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының «Педагогика» факультеті «Жалпы педагогика» кафедрасы даярлайтын «Бастауыш педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының БОПӘ 19-1 тобының студенттері кафедраның білім беру мекемелерімен жасалған келісім - шарт негізінде Тараз қаласы Ш.Смаханұлы атындағы №44 орта мектебінде "Дуалды оқыту" бойынша кестеге сәйкес «Дидактикалық материалдарды пайдалану әдістемесі» және «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» пәндерінен аға оқытушы, магистр Ажибаева Р.Е. және Сыдықова С.Ө. студенттердің теориялық білімдерін болашақ практикалық іс-әрекеттерінде қолдана білу іскерлігі мен дағдыларын және кәсіби жалпы мәдени құзыреттіліктерін қалыптастыру мақсатында практикалық сабақтар өтілуде.

 

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының “Педагогика” факультетіне қарасты “Жалпы педагогика” кафедрасының 6В01101 “Педагогика және психология”, 6В01201 “Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу” және 6В01301 “Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі” білім беру бағдарламаларының 3 курс студенттерімен практика аясындағы келу конференциясын өткізді.Барлық студенттер бұйрықпен бөлінген қалалық мектеп және мектепке дейінгі білім беру мекемелері бойынша топпен қорғады. Конференцияға кафедра аға оқытушылары Фатикова Н.А., Сыдыкова Қ.Ө., Ажибаева Р.Е., оқытушылар Таджикова А.Д., Келімбетова А.Ғ. және Пірәлі Ф.Е., қатысты.

 

Кәсіби бағдар

 

02.11.2023 жылы “Педагогика” және “Шығармашылық мамандықтар”факультеттерімен бірлесе отырып “Мамандықты дұрыс таңда” атты ашық есік күні ұйымдастырылды. Іс-шараға мектеп және колледж бітірушілері келіп, институтымыздың білім беру бағдарламаларымен, оқу ғимаратымен танысып, ақпарат алды. Білім беру бағдарламалары бойынша ақпаратты “Педагогика” факультетінің деканы п.ғ.к., Ботабаева Әдемі Еркебайқызы сөз алып, таныстырды. Іс-шара барысында таныстыру ғана емес, келген қонақтарымызға "Мамандықты таңдай білдіңбе?" тақырыпта көптеген өзекті мәселелер шешіліп психологиялық тренингтер ұйымдастырылып өз мәресіне жетті.

 

18.01.2024 ж. Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының «Педагогика» факультетінде 6В01101-Педагогика және психология; 6В01201-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу; 6В01301-Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі; 6В01701-Қазақ тілі мен әдебиеті; 6В01702-Шетел тілдері: екі шет тілі  Білім Беру бағдарламалары бойынша Тараз қаласының № 12 Керімбай атындағы мектеп-гимназиясы; №23 , 30, 16, 32 орта мектептері; № 28 ,№18, № 9, № 35 бөбекжай-балабақшалары; Абай атындағы педагогикалық колледжі, Жамбыл индустриалды-технологиялық колледжі жұмыс берушілерімен «Жаңартылған білім беру бағдарламасы актуалды әдістері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Кездесу барысында «Педагогика» факультетінің деканы Ә.Ботабаева алғашқы сөзді Академиялық жұмыстар жөніндегі проректоры А.Қадыроваға берілді. Жұмыс берушілерге өз пікірін айтып алғысын білдірді. Академиялық саясат басқармасының басшысы Д.Акимова қосылған жаңа пәндерді мақұлдады. Жұмыс берушілер өз ұсыныстарын білдіріп бірге шешім қабылдайтын болды. Кездесу өз мәресеіне жетіп алғыс хаттармен марапатталды.

 

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық тараз инновациялық институтының “Жалпы  педагогика” кафедрасынының п.ғ.к.,Бақтыбаева К.С., аға оқытушылар .Фатихова  Н. А, Абаева А.К, Исаметова А.Т,окытушылар Таджикова А.Ж,Момбекова С.Б.Тараз қаласындағы "№48,17,21,,23 орта мектептері ,Абай атындағы колледжі , Қазіргі заман гуманитарлық - техникалық колледжі және Байзақ ауданындағы  Ғ.Мұратбаев атындағы гимназия,Қостөбе орта мектебі,Жамбыл ауданы, Ақшабаев Намазбай атындағы орта мектептеріне кәсіби бағдар жұмыстары жүргізіліп 11 сынып оқушылары және колледж бітірушілеріне  институт  жайлы ақпарат беріліп ,таратпа  материалдары таратылып плакаттар ілінді.

 

Жалпы педагогика кафедрасының профессор оқытушылары, Байзақ ауданында бөлінген мектептеріне кәсіби бағдар бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.Бітіруші түлектермен тілдесіп, институттымызды таныстыру мақсатында таратпа қағаздар берілді.

 

Педагогика факультеті және педагогика кафедрасының ұйымдастыруымен мамандық таңдау маңызды ісі-тақырыбында ашық есік күні өткізілді
Ашық есік күніне Тараз қаласының 23-ші, 12 мектеп-гимназиясының түлектері және кәсіби бағдар ұйымдастырушылары қатысты
Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты алғаш құрылғанан бастап қазірге дейнгі қол жеткізілген жетістіктеріне тоқталып кафедрасы меңгерушілері мен ұйымдаструшылары профессорлары оқытушыларымен таныстырып өткізді.

 

 

Наурыз айының  1-10 аралығында “Жалпы  педагогика” кафедрасының аға оқытушылары Фатихова Н.А, Ажибаева Р.Е және Абаева А.К. Байзақ аудандарының  мектептеріне  барып кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізіп келді. Байзақ ауданында кәсіби бағдар жүргізілген мектептер: №1 мектеп-гимназия, Н.Ақшабаев о.м,3. Қызыл Жұлдыз о.м, Қостөбе о.м,Үлгілі о.м, Мырзатай о.м,Жамбыл  о.м,Жаңатұрмыс о.м,Бурыл о.м,Көктал о.м,Ә. Жанқұлиев о.м, М.Әуезов о.м,Ы.Алтынсарин о.м, Ақшолақ о.м,Қарасу о.м,Дихан Тірек о.м,Шоқан Уәлиханов о.м,Кеңес №3 о.м, С. Абланов о.м,Ақбозов  о.м, Пушкин о.м,Аманкелды о.м,Жібек жолы  №5 о.м, Сухамбаев о.м, Берікқара о.м, Гоголь о.м, Ғ.Мұратбаев атындағы гимназия, Ю. Гагарин о.м, Сейфулин о.м. 11 сынып бітіруші түлектерімен кездесіп  институт  жайлы видолар көрсетіліп,  ақпараттар берілді.Сонымен қатар таратпа  материалдар таратылып плакаттар ілінді.

 

 

Тәрбие жұмыстары

 

Жалпы педагогика кафедрасының ұйымдастыруымен Тараз каласының №1 карттар үйіне үлкенге кұрмет кішіге ізет  аты тақырыбында қартар мен кездесу өткілізді. Кездесу барысында улкенді сыйлауға құрметтеуге студенттердің бойына сіңіру максаттында іс-шара өткізілді. 

 

01.11.2023 жылы 6В01101 “Психология және Педагогика” білім беру бағдарламасы бойынша 1 курс студенттері “Үміт” балалар  үйіне қайырымдылық жасау мақсатында балаларға алынған сыйлықтар табысталды.

 

Жалпы Педагогика кафедрасының ұйымдастыруымен Тараз қаласының “Үміт“ жеттімдер үйіне барып, қайырымдылық жасау мақсатында студенттерді адамгершілікке, мейрімділікке және қомқорылыққа бағыттау жолдары көрсетілді.

 

 

«Жалпы педагогика кафедрасының п.ғ.к., доцент меңгерушілері Елубаева Р.С. Болеев және окутылшылар  1.204 аудиториясында “Ұстаз аты- биік әлі мәнгілік”атты дөңгелек устел өткізілді. Дөңгелек устел барысында Қ. Болеев өзінің қыскаша дайындаган баяндамасымен таныстырды.

 

Рухани жаңғыру- халықтың жаңғыруы
АКО № 2 оқу залының кітапханашысы Кузембаева Б. "Педагогика" факультетінің "Жалпы педагогика" кафедрасының оқытушысы Пірәлі Ф. "Бастауышты оқыту педагогикасы мен әдістемесі" білім беру бағдарламасы бойынша БОПӘ-20-1, БОПӘ-20-3, ПМНО-20-2 топтарымен бірге "Рухани жаңғыру- халықтың жаңғыруы" атты іс-шара өткізілді. Іс-шара мақсаты-ішкі руханиятымыз арқылы, сыртқы өзгерістерді жақсы жағынан қабылдап, табыс тізгіні болашақ жастарымыздың қолында екеніне назар аударту.

 

А.БАЙТҰРСЫНҰЛЫ МҰРАСЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ: ДЕРЕК ПЕН ДӘЙЕК
    Халықаралық Тараз инновациялық институты, «Педагогика» факультетінің ұйымдастыруымен А.Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай «А.Байтұрсынұлы мұрасының зерттелуі: дерек пен дәйек» (ғылым, тәрбие, рухани-жаңғыру) тақырыбында аймақтық апталықтың жоспарына сәйкес, «Жалпы педагогика» кафедрасының ұйымдастыруымен «Ахмет Байтұрсынұлының педагогикалық жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел қонақтары:
1. М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Абдыкадырова Турсынай Рыстаевна
2. М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, «Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту» кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Касымов Мурат Рахымбекович

Дөңгелек үстел жұмысының барысында барлық қойылған сұрақтар мен көтерілген мәселелер қатысушылардың ерекше назарына алынып, А.Байтұрсынұлының шығармалары мен өмір жолы талқыланды.

Дөңгелек үстелдің мақсаты – қазақ халқының әлеуметтік, саяси, мәдени, тарихи өмірінде орны айрықша зор тұлға – Ахмет Байтұрсынұлының халықтық тәлім-тәрбиелік ойларының негізінде студенттер бойына адамгершілік, ұлтжандылық, отансүйгіштік қасиеттерді дарыту; ақын, қоғам қайраткері, педагог – ұстаздың құнды мұраларын дәріптеп, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу.

 

25-қазан Республика күніне орай “Жалпы  педагогика” кафедрасына қарасты 4 курс студенттері ,Бопа-20-3 тобымен топ кураторы  Пірәлі Фатима Елубайқызы Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан! атты ашық тәрбие сағатын өткізді.

 

2 курс студенттері Бопа-22-1  тобымен топ кураторы Момбекова С.Б "Мамандығым мақтанышым! " атты ашық тәрбие сағатын өткізді.

 

8 Наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі күні қарсаңында 3 курс студенттері Бопа-21-1,3 тобымен топ кураторлары Фатихова Н.А ,Ажибаева Р.Е  ашық тәрбие сағатын өткізді.

 

16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні. Бұл күн мәдениетті, өнерді және ұлттық құндылықтарды насихаттауға арналады. Осыған мереке орай “ Жалпы педагогика” кафедрасы ұйымдастыруымен дәстүрлеріміздің бірі “ Тұсаукесер” рәсімі өткізілді. Бүлдіршіннің тұсауын кесу кафедра меңгерушісі Елубаева Рахат Сайлаубекқызына бұйырды. Қадамыңа нұр жаусын балапан!

 

 

Қызмет көрсету туралы шарт

 

Қызмет көрсету туралы шарт

Қызмет көрсету туралы шарт

Қызмет көрсету туралы шарт

Қызмет көрсету туралы шарт