ШЕРХАН МҰРТАЗА УНИВЕРСИТЕТІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ КӨРМЕСІНДЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ӘЛЕУЕТІН ТАНЫСТЫРДЫ

2026 жылғы 24 шілдеде Түркия Республикасының Ыстанбұл қаласында «Study in Kazakhstan» жобасы аясында ұйымдастырылған «Study in Kazakhstan – EKET FAIRS University Preference Fair 2026» халықаралық білім беру көрмесінің салтанатты ашылуы өтті.
Көрме Қазақстанның жоғары оқу орындарын халықаралық білім беру кеңістігінде ілгерілетуге, шетелдік талапкерлерді тартуға, академиялық ұтқырлықты дамытуға және университеттер арасындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған маңызды алаң болды.

Халықаралық іс-шараға Қазақстанның жоғары оқу орындарымен қатар Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университеті де қатысып, өзінің білім беру бағдарламаларын, ғылыми әлеуетін, халықаралық байланыстарын және білім алушыларға ұсынылатын академиялық мүмкіндіктерін таныстырды.
Көрме барысында университет өкілдері шетелдік талапкерлермен, ата-аналармен және білім беру ұйымдарының өкілдерімен кездесіп, оқуға қабылдау талаптары, білім беру бағдарламалары, академиялық ұтқырлық, студенттерді қолдау мүмкіндіктері және халықаралық ынтымақтастық бағыттары туралы ақпарат ұсынды.

Сонымен қатар, университеттің көрме алаңында ұсынылған ақпараттық материалдары келушілердің қызығушылығын тудырып, Қазақстанда жоғары білім алудың мүмкіндіктері мен Шерхан Мұртаза университетінің басым бағыттарын таныстыруға мүмкіндік берді.
Көрме аясында университет өкілдері Түркияның бірқатар жоғары оқу орындарымен кездесулер өткізіп, білім беру, ғылым, академиялық ұтқырлық және бірлескен жобаларды іске асыру бағыттарындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.

24 Шілде 2026
118