ШЕРХАН МҰРТАЗА УНИВЕРСИТЕТІ ISTANBUL NIŞANTAŞI UNIVERSITY-МЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ НЫҒАЙТТЫ

2026 жылғы 23 шілдеде Түркия Республикасының Ыстанбұл қаласында Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің делегациясы Istanbul Nişantaşı University басшылығымен ресми кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар жоғары білім беру, ғылым, инновация және халықаралық ынтымақтастық салаларындағы әріптестікті дамыту мәселелерін жан-жақты талқылады.

Тараптар академиялық ұтқырлықты кеңейту, бірлескен және қос дипломды білім беру бағдарламаларын іске асыру, ғылыми-зерттеу жобаларын дамыту, Erasmus+, Horizon Europe және TÜBİTAK бағдарламаларына қатысу, халықаралық конференциялар мен жазғы мектептер ұйымдастыру, ғылыми жарияланымдар әзірлеу, инновациялар мен технологиялар трансфері, сондай-ақ түркі әлемінің тілі, мәдениеті және рухани мұрасын зерттеу бағыттарында ынтымақтастықты нығайту жөнінде уағдаласты.

Кездесу қорытындысы бойынша екі университет арасында ұзақ мерзімді стратегиялық серіктестікті дамытуға бағытталған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Меморандум білім беру, ғылым және халықаралық ынтымақтастық салаларындағы бірлескен бастамаларды жүйелі түрде жүзеге асыруға, академиялық алмасуды дамытуға, ғылыми әлеуетті біріктіруге және халықаралық жобаларды іске асыруға берік негіз қалайды.

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университеті халықаралық ынтымақтастық географиясын кеңейту және әлемнің жетекші жоғары оқу орындарымен тұрақты серіктестік орнату бағытындағы жүйелі жұмысын жалғастыруда. Түркияның беделді университеттерімен ынтымақтастықтың нығаюы университеттің халықаралық беделін арттыруға, білім беру сапасын жетілдіруге және ғылыми-зерттеу әлеуетін дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашады.

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің делегациясы құрамында Президенттің ғылым және халықаралық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі кеңесшісі Гүлнұр Болатбекқызы Исабекова, Персоналды басқару және құжат айналымы басқармасының бастығы Күндыз Мейірханқызы Сихаева және «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының оқытушысы, PhD Олжас Саржаев қатысты. Бұл кездесу Қазақстан мен Түркия арасындағы жоғары білім және ғылым саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болып табылады.

24 Шілде 2026
64