COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университеті Анкара университетінің TÖMER орталығымен ынтымақтастықты дамыту жөнінде келіссөздер өткізді

 

Түркия Республикасына жасалған жұмыс сапары аясында Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің делегациясы Ыстанбұл қаласында орналасқан Анкара университетінің TÖMER (Türkçe ve Yabancı Dil Araştırma ve Uygulama Merkezi) орталығында ресми кездесу өткізді.

 

Кездесудің негізгі мақсаты – түрік тілін оқыту саласындағы ынтымақтастықты дамыту, халықаралық білім беру бағдарламаларын кеңейту және академиялық серіктестіктің жаңа бағыттарын айқындау болды.

 

Келіссөздер барысында тараптар:

- түрік тілін оқыту бойынша бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу;

- TÖMER халықаралық сертификаттау жүйесін енгізу мүмкіндіктерін қарастыру;

- оқытушылардың біліктілігін арттыру және кәсіби тағылымдамаларды ұйымдастыру;

- студенттер мен профессор-оқытушылар құрамының академиялық ұтқырлығын кеңейту;

- бірлескен ғылыми және білім беру жобаларын жүзеге асыру мәселелерін талқылады.

 

Сонымен қатар, Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университеті базасында TÖMER оқу орталығын ашу мүмкіндігі қарастырылып, оны кезең-кезеңімен іске асырудың ықтимал бағыттары талқыланды. Бұл бастама университетте түрік тілін халықаралық стандарттарға сәйкес оқыту жүйесін дамытуға және халықаралық сертификаттау мүмкіндіктерін кеңейтуге негіз болады.

 

Анкара университетінің TÖMER орталығы түрік тілін шетел азаматтарына оқыту бағытындағы жетекші білім беру құрылымдарының бірі болып табылады. Орталық халықаралық стандарттарға сәйкес тілдік даярлау бағдарламаларын жүзеге асырып, әлемнің көптеген елдеріндегі жоғары оқу орындарымен тиімді ынтымақтастық орнатқан.

 

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ұзақ мерзімді институционалдық серіктестікті дамытуға, түрік тілін оқыту саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға, халықаралық сертификаттау жүйесін енгізу мүмкіндіктерін зерделеуге және академиялық алмасу бағдарламаларын кеңейтуге өзара қызығушылық білдірді.

 

Аталған кездесу Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің халықаралық білім беру кеңістігіндегі байланыстарын нығайтуға және Түркия Республикасының жетекші білім беру ұйымдарымен стратегиялық ынтымақтастығын кеңейтуге бағытталған маңызды қадамдардың бірі болды.