COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Announcements

Ш. Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің Стратегиялық даму және халықаралық байланыстар басқармасы 2026–2027 оқу жылының көктемгі семестрінде Қазақстандағы серіктес жоғары оқу орындарында білім алуға арналған ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша кандидаттарды іріктеу конкурсын жариялайды.

 

Кімдер қатыса алады? 

Университеттің 1–3-курс студенттері.

 

Негізгі талаптар: 

- үлгерім көрсеткіші — GPA 3.0-ден жоғары;

- университеттің қоғамдық өміріне белсенді қатысу;

- сертификаттар мен марапаттардың болуы артықшылық береді.

 

Қажетті құжаттар: 

Қазақ және ағылшын тілдеріндегі транскрипт; 

Түйіндеме (CV); 

Кафедра меңгерушісінің ұсыныс хаты; 

Жеке куәліктің көшірмесі; 

3 × 4 көлеміндегі фотосурет; 

Жеке оқу жоспары.

 

Құжаттарды қабылдаудың соңғы мерзімі: 2026 жылғы 30 қараша.

 

Құжаттарды тапсыру орны:

Стратегиялық даму және халықаралық байланыстар басқармасы

Желтоқсан көшесі, 69Б, 1.2.202-кабинет.

 

Қазақстанның серіктес жоғары оқу орындарының бірінде білім алып, жаңа академиялық ортада тәжірибе жинақтау мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!

 

Page 2 of 70