"АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР" КАФЕДРАСЫ
Кафедра туралы
«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» кафедрасында 3 бакалавриат және 1 магистартура БББ бойынша мамандар даярланады: 6В01504-Информатика (IP), 6В06104 - «Компьютерлік инженерия», 6В06105-"Computer science" және 7М01505- Информатика және цифрлық технологиялар.
Кафедра қызметі ғылыми-педагогикалық әлеуеттің тұрақты өсуімен, заманауи ғылыми-техникалық базаның нығаюымен сипатталады. Білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруға бағытталған қызмет университеттің тұрақты даму мақасаттарына негізделген.
"Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" кафедрасының білім беру бағдарламалары заманауи ғылыми-техникалық базаға ие, кафедра зертханалары оқытудың заманауи құралдарымен жабдықталған. Кафедра зертханалары: 3-104- «Программалау», 3-105- «Huawei ICT Academy», 3-108- «Cisco Networking Academy», 3-109- «Компьютерлік графика», 3-205- «Деректер базасы», 3-201 - «Интерфейстер және өзара әрекеттесу», 3-102 - «ІТ Академия». «Мультимедиялық технологиялар» және «Dron Lab» зертханалары жабдықталуда.
6В06105 – "Computer science" қос дипломды білім беру бағдарламасы Ч.Храбрый атындағы Варна еркін университетімен (Болгария) бірлесіп әзірленген, бағдарлама түлектеріне Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университеті дипломы және Варна Еркін университетінің дипломы беріледі.
2026-2027 оқу жылында кафедраның барлық білім беру бағдарламалары Жоғары білім берудің бірыңғай платформасының тізілімінде сәтті жаңартылды. Кафедраның профессор-оқытушылық құрамы білім беру бағдарламаларын әзірлеу, ғылыми конкурстарға қатысу, ғылыми мақалалар жариялау, біліктілікті арттыру және т.б. бағыттарында тұрақты жұмыс жүргізуде.
Докторлық диссертацияларды дайындау бойынша: Кемел А.М. –Л.Н.Гумелев ат. ЕҰУ, 8D06104-Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету; Шомаева Г.К. - Ч.Храбрый ат. Варна еркін университеті, «Информатика және компьютерлік ғылымдар» бағыты бойынша; Ерманова Г.Б. – ҚазҰҚПУ, 8D01502-Информатика мамандығы бойынша жұмыстарын жалғастыруда.
Кафедра құрамы
Қызметтік нұсқауы
Кафедра қауымдастырылған профессор (доценттің) қызметтік нұсқауы
Кафедра профессордың ассистентінің қызметтік нұсқауы
Кафедра сеньор-лекторының қызметтік нұсқауы
Кафедра ассистентінің қызметтік нұсқауы
Білім беру бағдарламалары
Қос дипломды білім беру бағдарламасы
Бакалавриат
6В01504 – Информатика (IP) 2026-2030
6В06104 - Компьютерлік инженерия 2026-2030
6В06105 - Computer science 2026-2030
Магистратура
7М01505-Информатика және цифрлық технологиялар 2026-2028
Элективті пәндер каталогы
6В01504 – Информатика (IP) 2026-2030
6В06104 - Компьютерлік инженерия 2026-2030
6В06105 - Computer science 2026-2030
7М01505-Информатика және цифрлық технологиялар 2026-2028
6В06103 -«Ақпараттық жүйелер және технологиялар»
білім беру бағдарламасы
Білім беру бағдарламасының мақсаты: Жоғары тұлғалық-кәсіби құзыреттілікке ие, қазіргі заманғы еңбек нарығы үшін ақпараттық жүйелер мен технологияларды әзірлеу, енгізу және сүйемелдеу заманауи әдістерін, құралдары мен технологияларын меңгерген ІТ-мамандарын (ІТ- менеджер, ІТ- консультант, ІТ- жобалар жетекшісі) кешенді және сапалы дайындау.
Бакалавриат түлегі келесі қызметтерді атқара алады:
жалпы ақпараттық жүйелер мен ақпараттық жүйелердің түрлі компоненттерін жобалау және өңдеу;
Ақпараттық жүйелердің желілік инфрақұрылымын орнату, конфигурациялау және басқару;
компьютерлік технологияны пайдалану, ақпаратты өңдеу және басқарудың компьютерлік жүйелерін жүзеге асыру үшін құралдарды бағдарламалау;
ақпараттық жүйелерде деректер базасын жобалау және басқару;
Өндірісте, ғылымда, білім беру саласында, мәдениет, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығында, мемлекеттік басқару салаларында төмендегідей кәсіби қызмет атқара алады:
Инженер-программист (программист).
Программист (веб – мастер, веб – дизайнер).
Жүйелік администратор.
Жобаларменеджері.
Ақпараттық жүйелер саласындағы кәсіби білім мен дағдылар, атап айтқанда: Ақпараттық жүйелер негіздері, IT - инфрақұрылым, жүйелік IT талдау және жобалау, IT қосымшаларын әзірлеу, кәсіпорын архитектурасы және ERP-жүйелер, IT бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу, адам-машина жасау Интеллектуалды ақпараттық жүйелердің, іздеу мен ақпаратты алу. Берілген мерзімде берілген сапамен кәсіби қызмет объектілерін әзірлеу процесін тиімді ұйымдастыру; кәсіби қызмет объектілерін әзірлеу процесін бағалау, бақылау және басқару; қабылданған ұйым шеңберінде кәсіби қызмет объектілерін әзірлеу процесін персоналды оқыту.
Эксперименттік-зерттеу қызметі саласында: аппараттық-бағдарламалық кешендерді тестілеу және баптау; аппараттық және бағдарламалық құралдарды, кешендер мен желілерді құрастыру; кәсіби қызмет объектілерін сертификаттау;
Ғылыми-зерттеу қызметі саласында: әдістерді, алгоритмдерді, бағдарламаларды, аппараттық-бағдарламалық кешендер мен жүйелерді талдау, теориялық және эксперименттік зерттеу; кәсіби қызмет объектілерінің жұмыс істеуіне байланысты есептеу және ақпараттық процестердің математикалық және бағдарламалық модельдерін құру, зерттеу және тиімді іске асыру; кәсіби қызмет объектілерін құру кезінде қолданылатын формальды модельдер мен әдістерді әзірлеу және жетілдіру.
Жобалау қызметі саласында: пайдаланушылардың негізгі сұраулары мен талаптарын анықтау, таңдалған аспаптық құралдардың тиімділігі мен перспективасы тұрғысынан пәндік саланы бағалау, техникалық тапсырманы әзірлеу; қазіргі заманғы жобалау әдістері, құралдары мен технологиялары негізінде компьютерлік жүйелердің математикалық, ақпараттық және бағдарламалық қамтамасыз ету элементтерін жобалау және талдау; әзірленген бағдарламалық қамтамасыз етуді құру, тестілеу және верификациялау.
6В06104 - «Компьютерлік инженерия» білім беру бағдарламасы
Білім беру бағдарламасының мақсаты: Бағдарламалау және бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу, сайт, деректер қоры, робототехника, компьютерлік жүйелер, желілер мен серверлік жабдықтарды жобалау және қолдау салаларында білікті компьютерлік инженерия бойынша бакалаврларды дайындау.
Бакалавриат түлегі келесі қызметтерді атқара алады:
Білім беру бағдарламасының түлегіне 6В06104 - «Компьютерлік инженерия» білім беру бағдарламасы бойынша ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласының бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.
Бітіруші бағдарламалау, деректер қоры, ақпаратты қорғау, желілік технологиялар, көлемді мәліметтер, робототехника, компьютер мен перифериялық құрал-жабдықтарды бағдарламалық және аппараттық қамтамасыз ету туралы теориялық және практикалық білімнің кең ауқымын меңгерген және монтаждық-жөндеу, өндірістік-технологиялық, эксперименталды-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық, жобалау-технологиялық қызметімен айналыса алады.
Осы білім беру бағдарламасын аяқтағаннан кейін студенттер келесі қабілеттерге ие болады деп күтілуде:
- ақпаратты қабылдау, талдау, жалпылау, мақсат қою және оған жету жолдарын таңдау және есептеу техникасы мен бағдарламалық қамтамасыз ету саласының негіздері мен тарихын білу мен түсінуді көрсету;
- алынған базалық білімді беру, аппараттық-бағдарламалық кешендер компоненттерінің архитектурасын жобалауды, аппараттық-бағдарламалық кешендердің адам-машиналық интерфейсін жобалауды білу;
- маңызды деректерді жинау және түсіндіру, экономика мен басқарудың, білім мен ғылымның даму міндеттерін қоя білу және шешу;
- жаңа ақпаратты контекстке келтіру және түсіндіру, кәсіби тапсырмаларды тиімді орындау үшін қажетті ақпаратты іздей білу;
- зерттеу аймағының жалпы құрылымын және оның элементтері арасындағы байланыстарды түсінуді көрсету.
ЖОО бітірушісінің жалпы құзыреттілігі жалпы білімділікке, әлеуметтік-этикалық құзыреттілікке, экономикалық және ұйымдастыру-басқару құзыреттеріне, арнайы және басқа да құзыреттерге қойылатын талаптар негізінде қалыптасқан.
Біліктілікті арттыру
Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамының кәсіби біліктілігін арттыру бағытында жүйелі түрде жұмыс жүргізіп келеді. Кафедраның әрбір оқытушысы жыл сайын кәсіби курстарға, семинарлар мен тренингтерге қатысып, өз құзыреттіліктерін үздіксіз жетілдіріп отырады.
2025–2026 оқу жылында кафедраның барлық 16 оқытушысы (оның ішінде 13 штаттық және 3 қос қызметтегі) «Инклюзиялық білім беру» курсынан өтті, Coursera платформасында оқытушылар 33 курс оқып, сертификат алды. Сонымен қатар оқытушылар Қазақстаннның және шетелдердің біліктілікті арттыру орталықтарынан онлай/офлайн форматта бейіндік пәндерден 25 курсқа қатысып, сертификат алды. 2025–2026 оқу жылында оқытушылар жалпы саны 58 курс оқып, өздерінің кәсіби құзыреттіліктерін жетілдірді.
Кафедра жетістіктері
2024-2026 ж.ж. кафедраның ПОҚ 114 басылым шығарды: нөлдік емес импакт-факторы бар басылымдарда - 8, алыс шет елдердегі басылымдарда - 8, ТМД елдерінде - 4, республикалық басылымдарда - 22, оның ішінде ҚР БҒМ Білім саласындағы бақылау комитеті ұсынған - 16, ҚР БҒМ-де конференция материалдарының жинақтары: халықаралық - 67, Республикалық - 24. Соңғы үш жылда мамандықтардың элективті пәндері бойынша 6 оқу, оқу-әдістемелік құрал және 30-дан астам оқу-әдістемелік кешен әзірленді.
Университет Huawei ICT Academy және Cisco Networking Academy әлемдік компаниялармен серіктестік орнатқан. Студенттер Python, JavaScript, Cloud Computing, Big Data, Cybersecurity және т.б. курстарын оқып, халықаралық сертификаттар алуда.
Студенттер жыл сайын стартап-жобалар конкурстарына, ғылыми конференцияларға қатысады, ҒЗЖ нәтижелері бойынша авторлық куәліктер алуға өтінім береді. Кафедра студенттері 2024 жылдың 16-17 наурызында Астана қаласы Назарбаев университеінде робототехника бойынша «ROBOTEX KAZAKHSTAN» Республикалық турнирде I-орын иеленді. 2025 жылы 20 маусым күні Astana IT University және «Қазақстан инжиниринг» АҚ-ның R&D орталығы ұйымдастырған AITU KazRoboDrone 2.0 халықаралық байқауында II-орын иеленді. 2026 жылдың 7–8 ақпан күндері Астана қаласында, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткен Республикалық робототехника чемпионаты – Fibonacci Robot Olympiad 2026 Lego Line Followers категориясы бойынша жүлделі II-орын иеленді. 2026 жылы 10 сәуірде «Ауыл» партиясы мен Acapedia Kazakhstan Limited ұйымдастыруымен «Инновациялар». «Тұрақтылық». «Болашақ» хакатонында «Agro Vision AI — жасанды интеллект және компьютерлік көру технологиялары негізінде ауыл шаруашылығы алқаптарының жағдайын талдауға арналған интеллектуалды жүйе» жобасы 1-і орынға иеленді.
Сондай-ақ кафедра студенттері университетте жыл сайын өтетін дәстүрлі Аймақтық ІTU Хакатон-ға белсенді қатысады.
Әдістемелік нұсқаулықтар


01 Қараша 2020
23625 
















