ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІ ҚОЛДАУ ҚЫЗМЕТІ

Нұржанқызы Береке
Орталық маманы
Байланыс телефоны: +7 702 624 4985
E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Мекен-жайы: Тараз қаласы, Сәтбаев көшесі 1А, 1 қабат, 2-101 кабинет
Орталық туралы
Инклюзивті білім беру және психологиялық қолдау көрсету орталығының қызметі – студенттер мен қызметкерлерді психологиялық-педагогикалық қолдауды қамтамасыз етумен, олардың психикалық денсаулығын нығайтуға, ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттерді қоса алғанда, оқу қызметі және толық әлеуметтену үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған институттың бөлімшесі.
Орталық қызметінің негізгі бағыттарының бірі мүгедектер мен мүмкіндігі шектеулі адамдардың ерекше білім алу қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктерінің әртүрлілігін ескере отырып, олардың білім алу қолжетімділігі мен сапасын арттыру болып табылады.
Халықаралық Тараз Инновациялық институты үшін инклюзивтібілім берудің моделін енгізу денсаулық шектеулеріне қарамастан, әрбір адамның жоғары білімге тең қол жеткізу құқығын қамтамасыз ете отырып, әлеуметтік бағдарланған саясат бағыттарының бірі болып табылады.
Орталықтың негізгі міндеттері
Студенттердің жеке және әлеуметтік дамуына психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету, студенттік ортада қолайлы психологиялық ахуал құру.
Институт ортасына ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттерді біріктіруге мүмкіндік беретін жағдайлар жасау.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттер үшін кедергісіз сәулет ортасын құру.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттерді техникалық құралдармен оқыту процесін қамтамасыз ету.
Білім беру бағдарламаларын бейімдеу және ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттерді оқытуды оқу-әдістемелік қамтамасыз ету.
Инклюзивті білім беру тәжірибесін жүзеге асыратын педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау жүйесін ұйымдастыру.
Инклюзивті білім беру тәжірибесін зерттеу, жалпылау, тарату және институттың білім беру процесіне енгізу.
Халықаралық білім беру, ғылыми жобалар, конференциялар, семинарларға қатысу.
Инклюзивті білім беру және психологиялық қолдау көрсету орталығы 2021 жылдың 1 ақпанынан бастап жұмыс істей бастады.
Орталықтың құжаттары
Инклюзивті білім берудің психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету ережесі
Инклюзивті білім беру және психологиялық қолдау көрсету орталығы маманының қызметтік нұсқаулығы
Институттың қолжетімді (кедергісіз) сәулеттік ортасы
Әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау балаларға
мүмкіндігі
Инклюзивті білім беру және психологиялық қолдау көрсету орталығының құрылым ережесі
Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы
Іс-шаралар
20-21.04.2026ж күні «Өркен» əзірлеген зорлық- зомбылықты анықтау бойынша экспресс сауалнама: «Саған қалай қарайды?» 1курс студенттерінен алынды. Сауалнама толық жасырын (анонимный опросник) түрде жүргізілді және студенттердің басым бөлігі қазіргі таңда өндірістік практика өтуіне байланысты электронды яғни «Google forms» платформасы арқылы алынды. Студенттер сауалнамаға толық өз қалаулары бойынша жауап берді. Сауалнама қорытындысы жасалып тисінше жұмыс жүргізілуде.
21.04.2026ж күні Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің Академиялық жұмыстар жөніндегі проректоры, э.ғ.к. А.С. Кадырованың тапсырмасына сәйкес 5 факультет басшылығынан кәмелеттік жасқа толмаған студенттердің тізімі алынды. Алынған мәліметтер негізінде тиісті тізім жасақталып, алдағы уақытта Жастар саясатты және тәрбие жұмысы басқармасымен бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру мақсатында жинақталып жасалды.
22.04.2026ж күні «Өркен» əзірлеген зорлық- зомбылықты анықтау бойынша экспресс: «Саған қалай қарайды?» сауалнама Шығармашылық мамандықтар факультетінің қорытындысын шығарылып факультет басшылығына таныстыру жұмыстары жасалды. Анықтаманың 1 экземпляр факультет басшылығына табысталды.
23.04.2026ж күні «Қауіпсіз орта – жарқын болашақ» тақырыбы аясында 1 курс ДШ-25-17(19) тобы студенттерімен өз сұраныстары бойынша жеке сұхбаттар жүргізілді. Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде студенттерге тиісті психологиялық қолдау көрсетіліп, барлық консультациялар консультация журналына тіркелді.
24.04.2026ж күні «Суицидтің алдын алу» тақырыбында Жастар саясаты және тәрбие жұмысы басқармасы мен Инклюзивті білім беру және психологиялық қолдау көрсету орталығының мамандарының бірлесуімен Жамбыл облыстық психологиялық қолдау көрсету орталығының білікті мамандарының қатысуымен 1 курс студенттеріне арналған профилактикалық кездесу ұйымдастырылып, өткізілді.
Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – студенттер арасында суицидтің алдын алу, олардың психологиялық сауаттылығын арттыру, күйзеліс жағдайларын дер кезінде анықтау және қиын өмірлік жағдайларда дұрыс шешім қабылдауға бағыт-бағдар беру болды.
https://www.instagram.com/reel/DXqPufMCHKA/?igsh=dnBzY2l3cmtlam16
27.04.2026ж күні «Өркен» ұйымы әзірлеген зорлық-зомбылықты анықтауға арналған «Саған қалай қарайды?» экспресс-сауалнамасының нәтижелері бойынша студенттермен арнайы жиналыс ұйымдастырылып өткізілді. Жиын барысында сауалнама нәтижелері талданып, студенттер арасындағы қарым-қатынас мәдениеті, психологиялық қауіпсіздік және зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері жан-жақты қарастырылды.
Жиналысқа факультет директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары да белсенді қатысып, тақырып аясында өз пікірлерін білдіріп, студенттерге түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, алдағы уақытта осындай жағдайлардың алдын алу және қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру бойынша ұсыныстар айтылды.
https://www.instagram.com/p/DXoqAwHiNTH/?igsh=MTY5NmJtNGlocHN1MA==

28.04.2026ж күні «Ата-ананың сенімі – баланың өз-өзіне деген сенімінің бастауы» тақырыбында ата-аналарға арналған жадынама таратылды. Жадынамада баланың тұлғалық дамуына ата-ананың сенімі мен қолдауының маңызы, сенімді қарым-қатынас орнату жолдары және баланың өзіне деген сенімділігін арттыру әдістері туралы толық ақпарат берілді. Сонымен қатар, ата-аналарға баланың ішкі ресурстарын дамыту, оны қолдау, мақтау мен кері байланысты дұрыс беру тәсілдері ұсынылды. Жадынама ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін күшейтуге және отбасында сенімге негізделген психологиялық қауіпсіз ортаны қалыптастыруға бағытталды.
https://www.instagram.com/p/DXt0d-qiMul/?igsh=bjRqczY3bXA1bWlv

29.04.2026ж күні Жаратылыстану факультетінің 1 курс студенттерімен емтихан сессиясы алдындағы психологиялық қолдау көрсету мақсатында арнайы дәріс ұйымдастырылып, өткізілді. Дәріс барысында студенттерге стресс пен мазасыздықты басқару, уақытты тиімді жоспарлау, емтиханға дайындалу тәсілдері және эмоционалдық тұрақтылықты сақтау жөнінде пайдалы ақпараттар берілді.
Сонымен қатар, студенттермен ашық форматта сұхбат жүргізіліп, олардың жеке пікірлері тыңдалды. Пікір алмасу және талқылау барысында студенттер өз ойларын еркін білдіріп, өзекті мәселелер көтерілді. Нәтижесінде қатысушыларға қажетті психологиялық қолдау көрсетіліп,алдағы сессияға дайындықтарына оң ықпал жасалды.
https://www.instagram.com/p/DXt0WufiNrc/?img_index=3&igsh=cGR3azl5emJhczBu

30.04.2026ж күні Педагогика факультетінің 1 курс студенттерінің емтихан сессиясы алдындағы әл-ауқаты зерделенді. Жүргізілген талдау нәтижесінде студенттердің эмоционалдық жағдайын тұрақтандыру және психологиялық қолдау көрсету мақсатында «Студенттердің әл-ауқаты» тақырыбында тренинг ұйымдастырылып, өткізілді.
Тренинг барысында қатысушыларға күйзелісті жеңу, өз-өзін реттеу, жағымды ойлау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған жаттығулар ұсынылды. Іс-шара студенттердің белсенді қатысуымен өтіп, оларға ерекше қызығушылық тудырды. Нәтижесінде топ ішінде қолайлы психологиялық ахуал қалыптасып, студенттердің көңіл-күйі жақсарып, өзара қарым-қатынасы нығая түсті.

Сәуір айында атқарылған жұмыстар жүйелі және мазмұнды сипатта ұйымдастырылды. Бекітілген жоспарға сәйкес студенттермен психологиялық қолдау және алдын алу бағытындағы бірқатар маңызды жұмыстар жүргізілді. Атап айтқанда, 1-курс студенттерімен емтихан сессиясы алдындағы психологиялық қолдау көрсету мақсатында лекциялар мен тренингтер өткізілді. Дәрістер барысында студенттерге стресс пен мазасыздықты басқару, уақытты тиімді жоспарлау, емтиханға дайындалу тәсілдері және эмоционалдық тұрақтылықты сақтау жолдары түсіндірілді. Сонымен қатар, суицидтік мінез-құлықтың алдын алу, қиын жағдайда көмек сұраудың маңыздылығы жөнінде ақпарат берілді. Жұмыстар барысында интерактивті әдістер кеңінен қолданылып, студенттермен ашық форматта пікір алмасу ұйымдастырылды.
Нәтижесінде студенттер өз ойларын еркін білдіріп, өзекті мәселелерді көтеруге мүмкіндік алды. Бұл олардың сенімділігін арттырып, психологиялық қолдауды тиімді қабылдауына ықпал етті. Сондай-ақ, ата-аналармен жұмыс та назардан тыс қалмай, «Ата-ананың сенімі – баланың өз-өзіне деген сенімінің бастауы» тақырыбында жадынама таратылды. Жадынамада ата-аналарға баланың тұлғалық дамуына қолдау көрсету, сенімді қарым-қатынас орнату және оның өзін-өзі бағалау деңгейін арттыру жолдары ұсынылды. Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде студенттердің психоэмоциялық жағдайына оң әсер етіліп, олардың емтихан сессиясына дайындығы мен сенімділігі артқаны байқалды. Сонымен қатар, алынған тәжірибе алдағы уақытта психологиялық қолдау және тәрбиелік жұмыстарды одан әрі тиімді ұйымдастыруға негіз болады.
