АКАДЕМИЯЛЫҚ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫ
АСБ-ның негізгі басты міндеттері:
Академиялық саясат басқармасы университеттің құрылымдық бөлімшесі болып табылады және Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің (ҚР ҒЖБМ) нормативтік-құқықтық актілеріне, білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына, сондай-ақ ұйымның ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес білім беру қызметін үйлестіру мен әдістемелік сүйемелдеуді жүзеге асырады.
Академиялық саясат басқармасының негізгі міндеттері:
-жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;
-ҚР ҒЖБМ талаптарына сәйкес білім беру процесін ұйымдастыруды үйлестіру және бақылау;
-білім беру бағдарламаларының сапасын және олардың мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына, біліктілік талаптарына және кәсіби стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз ету;
-кредиттік оқыту технологиясын, академиялық ұтқырлықты және студентке бағдарланған оқыту қағидаттарын енгізу мен дамытуды әдістемелік сүйемелдеу;
-білім беру қызметінде академиялық адалдық қағидаттары мен нормативтік талаптардың сақталуын қамтамасыз ету.
АСБ функционалдық міндеттері:
Жүктелген міндеттерге сәйкес Академиялық саясат басқармасы келесі функцияларды жүзеге асырады:
-ҚР ҒЖБМ нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес білім беру бағдарламаларын, оқу жоспарларын, академиялық күнтізбелерді және силлабустарды әзірлеу, өзектендіру және сараптамадан өткізу;
-оқу процесін ұйымдастыру мен үйлестіру, оның ішінде оқу жүктемесін жоспарлау, оқу жоспарларының орындалуын мониторингтеу және академиялық іс-шаралардың мерзімдерін бақылау;
-білім алушыларды аралық және қорытынды аттестаттаудан өткізу процестерін әдістемелік сүйемелдеу;
-белгіленген қағидаларға сәйкес білім алушылар мен профессор-оқытушылар құрамының академиялық ұтқырлығы процестерін үйлестіру;
-институционалдық және бағдарламалық аккредиттеуді қоса алғанда, білім сапасын ішкі және сыртқы қамтамасыз ету рәсімдеріне қатысу;
-білім беру қызметі саласындағы нормативтік талаптардың сақталуын мониторингтеу және басшылық пен уәкілетті органдар үшін есептік материалдарды дайындау;
-академиялық саясат саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді қолдану мәселелері бойынша құрылымдық бөлімшелерге және білім беру процесіне қатысушыларға консультациялық қолдау көрсету.
Академиялық саясат басқармасының қызметі білім беру процесін ұйымдастырудың тұрақты, ашық және нормативтік тұрғыдан қамтамасыз етілген жүйесін қалыптастыруға, білім беру сапасын арттыруға және Қазақстан Республикасының жоғары білім беру жүйесін дамытудың стратегиялық басымдықтарына сәйкестікті қамтамасыз етуге бағытталған.
Құрамы
Шыныбаева Жулдыз Байжановна
«Білім беру бағдарламаларын сүйемелдеу» сектор жетекшісі
Байланыс телефоны: +7 775 766 0045
E- mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Тескеналиева Назгуль Маратовна
«Білім беру бағдарламаларын сүйемелдеу" сектор маманы
Байланыс телефоны: +7 702 144 4813
E- mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Сексенбаева Жанар Молдановна
«Түлектерді жұмысқа орналастыру және кәсіптік практика» сектор жетекшісі
Байланыс телефоны: +7 747 314 2580
E- mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Бахтыкул Жайлауқызы
«Қорытынды аттестаттау және дуалды оқыту» сектор жетекшісі
Байланыс телефоны: +7 707 278 1828
E- mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Торгаутова Айжан Болатовна
«Электронды диспетчерлік» аға диспетчер
Байланыс телефоны: +7 777 974 55 36
E- mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Оспанова Назгуль Ахилбековна
«Электронды диспетчерлік» диспетчер
Байланыс телефоны: +7 707 144 62 40
E- mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Балтабаева Айнур Кайратовна
«Студенттер мен бітірушілердің мансаптық өсу» сектор маманы
Байланыс телефоны: +7 700 748 0818
E- mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
«Студенттер мен бітірушілердің мансаптық өсу» секторы. «Түлектер ассоциациясы»
Сектор атқаратын жұмыстар:
- жұмыс іздеушілердің, жұмыс берушілердің, әріптестердің ынтымақтастық туралы шарт жасасу жөніндегі дерекқорын құру, қолдау және дамыту;
- түлектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс берушілердің бос жұмыс орындары туралы хабарландыруларды орналастыруда әлеуметтік желіні (Instagram, Whatsapp, facebook), университет сайттарын пайдалану (htu.edu.kz.);
- түлектердің түйіндемелерін орналастыру үшін enbek kz сайтын пайдалану;
- университет қабырғасында алған білімдеріне қанағаттану және түлектер туралы жұмыс берушілердің пікірлері туралы ақпарат алу мәселелері бойынша өткен жылдардағы түлектермен өзара байланыс орнату;
- өтінімдерді қабылдау, тапсырыс беруші кәсіпорындарды консультациялық сүйемелдеу;
- тапсырыс беруші кәсіпорынның талаптарына сәйкес кандидаттардың жеке сипаттамаларын бағалау негізінде кандидаттарды іріктеу бойынша жұмыс жүргізу;
- жұмысқа орналастыру саласындағы өзекті тақырыптар бойынша тренингтер мен семинарлар ұйымдастыру және өткізу;
- түлектердің жұмыс берушілермен байланысын қамтамасыз ету мақсатында іс-шаралар өткізу (дөңгелек үстелдер, Түлектер жәрмеңкесі, Бос орындар жәрмеңкесі).
- түлектерді Бос орындар жәрмеңкелеріне қатысуын қамтамасыз ету және хабарландыру;
- түлектерге олардың мансабын басқару және дамыту, ұйымға бейімделу мәселелері бойынша кеңес беру;
- сауалнама негізінде білім алушылар мен түлектердің кәсіби, іскерлік, моральдық, психологиялық қасиеттерін зерттеу;
- жұмыс берушілердің түлектердің кәсіпқойлық деңгейіне, университеттегі білім сапасына қанағаттануын анықтау мақсатында сауалнама жүргізу.
«Студенттер мен бітірушілердің мансаптық өсу» секторы студенттерді болашақ мансап құруға дайындау әрі бағыт-бағдар беруге көмектеседі. Біз жұмысқа орналасу мүмкіндігін сараптау, жұмыс берушілермен байланыс орнату және студенттерді еңбек нарығына бағыттау үшін студенттермен бірінші күннен бастап тығыз жұмыс істейміз.
Студенттерге уақытын оңтайлы үнемдеуге және жұмысқа орналасу мүмкіндігін жақсартуға, сондай-ақ талпыныстары, идеялары мен жоспарларын анықтауға бағытталған жеке нұсқаулық сабақтар өткізіп әрі даму салаларын айқындауға жол ашамыз.
Оқу жылы аясында біздің сектор сізге мансап құруға қалай көмектеседі:
-кәсіби бағдарлы кеңестер — өзіңіздің мықты жақтарыңызды қалай табуға болады;
-басқалардан ерекшелендіретін түйіндеме құрастыру мен ілеспе хаттар жазу бойынша семинарлар мен тренингтер;
-кәсібиден тыс құзіреттіліктерді дамыту — неліктен тек кәсіби дағдыларды дамытқаннан басқа да дағдыларды дамыту маңызды;
-іскерлік әдеп бойынша сабақтар;
-жұмыс берушілермен кездесулер;
-дөңгелек үстелдер мен семинарларға қатысу.
«Бізбен бірге өз мансабыңды құруды бүгіннен баста»





