COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Журналистпен жүздесу: білім мен болашаққа бастар тағылымды кездесу

 

2026 жылғы 26 қарашада Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінде «Педагогика» факультетінің ұйымдастыруымен филология ғылымдарының докторы, профессор, журналист, көпшілік коммуникация және заңнамалық лингвистика саласының зерттеушісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Тұрсын Құдайберген Жұмаханұлымен мазмұнды кездесу өтті.

 

Кездесу аясында«Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының 2-курс студенттеріне «Қазақстандағы журналистік білім беру жүйесінің қалыптасуы және даму кезеңдері» тақырыбында лидерлік дәріс оқылды.

 

 

 

Дәріс барысында спикер Қазақстандағы журналистік білім берудің қалыптасу тарихы мен даму ерекшеліктеріне кеңінен тоқталып, отандық медиажурналистиканың бүгінгі бағыттары, қазақ телевизиясының қалыптасуы мен даму кезеңдері туралы құнды ақпараттарымен бөлісті. Сонымен қатар журналистика саласындағы өзекті мәселелерге тоқталып, студенттермен еркін пікір алмасып, ашық диалог құрды.

 

Тағылымды кездесуде студенттер қазақ журналистикасының тарихы мен қалыптасу жолы, кәсіби журналистиканың даму үрдістері және медиа саласының болашағы жөнінде мол мағлұмат алды.

 

 

 

Осындай мазмұнды кездесулер болашақ мамандардың кәсіби көзқарасын қалыптастырып, білім көкжиегін кеңейтуге және теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыруға мүмкіндік береді.