Болашақ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері арасында олимпиада өтті

2026 жылғы 25 қарашада Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің «Педагогика» факультеті, «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының ұйымдастыруымен 6В01701 - Қазақ тілі мен әдебиеті және 6В01703 - Қазақ тілі мен әдебиеті IP білім беру бағдарламасының 3–4-курс студенттері арасында олимпиада өтті.

Олимпиада барысында қатысушылар «Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі», «Әдебиет теориясы», «Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиеті», «Қазақ тілін оқыту әдістемесі», «Қазақ тілінің морфологиясы және оқыту негіздері» пәндері бойынша меңгерген білімдерін ортаға салып, кәсіби біліктіліктері мен зияткерлік қабілеттерін көрсетті.
Тартысты білім додасының қорытындысы бойынша І орынды «Шерхан» тобы иеленді! Топ құрамындағы Ерғара Нұрай, Нұрбек Айнұр және Орынбек Бекжан білімдерімен, алғырлықтарымен және ұйымшылдықтарымен ерекшеленді.
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!

26 Қараша 2026
33