Жатақхана жастарымен құқықтық мәдениет және цифрлық қауіпсіздік тақырыбында кездесу өтті

Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінде жатақхана жастарына арналған «Құқықтық мәдениет және цифрлық қауіпсіздік» тақырыбында ақпараттық кездесу ұйымдастырылды.

Кездесуге Жамбыл облысы Полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі, полиция майоры Мұхаммед Қошмағанбетов, ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бөлім прокуроры Арманай Сейтбекова және “Садыхан” облыстық кеңес беру-диагностикалық медицина орталығының дәрігері Нұргүл Нұрланқызы жастармен кездесіп, арнайы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Шара барысында жастарға құқықтық сауаттылықты арттыру, интернет-алаяқтықтың алдын алу, цифрлық кеңістіктегі қауіпсіздік ережелері мен жеке деректерді қорғау мәселелері түсіндірілді. Сонымен қатар денсаулықты сақтау және салауатты өмір салтын ұстану жөнінде пайдалы ақпараттар берілді.



24 Қараша 2026
39