COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Шерхан Мұртаза университетінің өкілдері III Халықаралық стратегиялық серіктестер форумына қатысты

 

2026 жылғы 18 қарашада Астана қаласында өткен III Халықаралық стратегиялық серіктестер форумына Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің Стратегия, ғылым, және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Гүлнұр Болатбекқызы Исабекова және Стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы Назым Тұрсынбайқызы Дүйсенова қатысты.

 

 

Халықаралық форум жоғары білім беру жүйесін дамыту, ғылым мен инновация саласындағы ынтымақтастықты нығайту, университеттер арасындағы стратегиялық серіктестікті кеңейту және білім беру саласындағы жаһандық үрдістерді талқылауға бағытталды.

Форум аясында «Coursera Future Talks» және «Жоғары білімнің болашағы: ғылым, инновациялар және жаһандық серіктестік» тақырыптарындағы панельдік сессиялар ұйымдастырылды.

 

 

Сессияларда цифрлық білім беру технологияларын енгізу, халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамыту, академиялық ұтқырлық мүмкіндіктерін кеңейту, бірлескен білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру және университеттердің халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелері талқыланды.

 

 

Университет өкілдерінің форумға қатысуы жоғары білім беру саласындағы озық тәжірибелермен танысуға, шетелдік жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктерін зерделеуге және халықаралық академиялық байланыстарды дамытудың жаңа бағыттарын айқындауға мүмкіндік берді.

 

 

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университеті халықаралық білім беру кеңістігіне интеграциялану, стратегиялық серіктестікті нығайту және бірлескен ғылыми-білім беру бастамаларын дамыту бағытындағы жұмысын жалғастыруда.

Стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық басқармасы