COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Шерхан Мұртаза университетінде Қытай тілі Speaking Club аясында дәстүрлі қағаз қию өнеріне арналған сабақ өтті

 

2026 жылғы 17 қарашада Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінде Стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық басқармасының ұйымдастыруымен Қытай тілі Speaking Club клубының төртінші сабағы өтті. Кездесу Қытайдың дәстүрлі қағаз қию өнері – «цзяньчжи»  тақырыбына арналды.

 

Сабақтың негізгі мақсаты – білім алушылардың қытай тілі мен мәдениетіне деген қызығушылығын арттыру, тілдік дағдыларын дамыту, сондай-ақ Қытайдың дәстүрлі өнері арқылы мәдениетаралық танымын кеңейту.

 

 

Кездесу барысында қатысушылар қытайдың дәстүрлі қағаз қию өнерінің ерекшеліктерімен және мәдени маңызымен танысты. Сонымен қатар қытай тіліндегі «қағаз», «қайшы», «өрнек», «гүл» және басқа да тақырыпқа қатысты жаңа сөздерді меңгерді.

 

Сабақтың практикалық бөлімінде студенттер цзяньчжи өнерінің үлгілерімен танысып, қағаздан түрлі өрнектер мен бейнелер қиып жасауды үйренді. Шығармашылық тапсырмалар арқылы қатысушылар жаңа сөздерді тәжірибе жүзінде қолданып, тілдік білімдерін жетілдіруге мүмкіндік алды.

 

 

Қытай тілі Speaking Club кездесулері студенттердің шет тілдерін меңгеруге деген ынтасын арттыруға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және халықаралық мәдени байланыстарды нығайтуға бағытталған.