COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Педагогикалық білім беру: сапаны бағалаудың жаңа тәсілдері

 

2026 жылғы 29 қазанда Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің өкілдері «Сапаны бағалаудың жаңа жүйесі» тақырыбындағы көшпелі отырысқа онлайн форматта қатысты.

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде өткен іс-шара Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті жанындағы РОӘК ОӘБ-ЖБТ жұмысы аясында ұйымдастырылды.

Отырыста педагогтерді даярлау сапасын бағалаудың PRL/S-PRL моделі, түлектердің мектептегі білім сапасына ықпалы, дәлелдерге және нақты әсерге негізделген тәсілдер, сондай-ақ клиникалық мектептердің кәсіби даярлықтағы рөлі талқыланды.

 

 

Іс-шара бағдарламасында «Колледж – жоғары оқу орны: жасанды интеллектіні пайдалану арқылы білім алу траекториясын басқарудың бірлескен моделі» тақырыбындағы облыстық воркшоп та қамтылды. Оның негізгі бағыттары — білім беру бағдарламаларының сабақтастығын қамтамасыз ету, оқу нәтижелері мен меңгерілген құзыреттерді тану және жасанды интеллект көмегімен білім алу траекториясын сүйемелдеу.

Кәсіби тәжірибе алмасу мен бірлескен талқылаулар педагогикалық білім беру сапасын жетілдіруге және білім беру ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік береді.