Болашақ талапкерлерге арналған танымдық экскурсия өтті

2026 жылғы 28 қазанда Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінде «DEMEU KAZAKHSTAN» қоғамдық қорының «Demeu jobasy» әлеуметтік жобасы аясында мектеп оқушыларына арналған танымдық экскурсия ұйымдастырылды.
Экскурсия барысында оқушылар университеттің тыныс-тіршілігімен танысып, оқу ғимараттарын аралады. Сонымен қатар білім беру бағдарламалары, мамандықтар бойынша даярлау бағыттары, заманауи оқу аудиториялары мен студенттерге арналған жатақхана туралы ақпарат алды. Оқушылар жоғары оқу орнындағы білім беру үдерісі, студенттік өмірдің ерекшеліктері және жастардың сапалы білім алуына жасалған мүмкіндіктер жөнінде мағлұматпен танысты.
Мұндай танымдық кездесулер мектеп бітіруші түлектердің жоғары білім туралы түсінігін кеңейтіп, болашақта білім алатын оқу орнын таңдауға деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді. Университеттің материалдық-техникалық базасымен және студенттерге арналған жағдайлармен танысу оқушыларға жоғары оқу орнының мүмкіндіктерін жақынырақ білуге жол ашады.
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға кәсіби бағдар беру, олардың қабілеті мен қызығушылығына сәйкес болашақ мамандығын саналы түрде таңдауына көмектесу, сондай-ақ жоғары білім алуға деген ынтасын арттыру. Сонымен бірге экскурсия жас ұрпақтың білімге деген құштарлығын оятып, алдағы оқу жолын жоспарлауына бағыт-бағдар беруді көздейді.
Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университеті жастардың сапалы білім алуына, кәсіби тұрғыдан қалыптасуына және болашаққа сенімді қадам жасауына бағытталған бастамаларды қолдауға мән береді. Осындай кездесулер болашақ талапкерлерге университет ортасымен танысып, өздерінің білім алу мүмкіндіктерін бағалауға мүмкіндік береді.

29 Қазан 2026
201