COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Университет өкілі ЮНЕСКО халықаралық форумында

 

2026 жылғы 26–27 қазанда Алматы қаласындағы Almaty Museum of Arts алаңында «Тұрақты Орталық Азия: білім, өнер және жасанды интеллекттің Жібек жолдары» тақырыбында жоғары білім, өнер және тұрақты даму жөніндегі екі күндік халықаралық форум өтті. Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің өкілі Исабекова Гүлнұр Болатбекқызы аталған халықаралық іс-шараға қатысты.

 

ЮНЕСКО мен CIMEA ұйымдастырған форум бағдарламасына сәйкес, халықаралық кездесудің мақсаты – жоғары білім беруді интернационалдандыру, білім сапасын қамтамасыз ету, жасанды интеллект, цифрлық трансформация және тұрақты даму мәселелері бойынша тәжірибе алмасу және әріптестікті нығайту.

 

Форумның алғашқы күні Almaty Museum of Arts музейіне ұйымдастырылған экскурсиямен басталып, жоғары білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту, білім сапасын қамтамасыз ету, жасанды интеллект технологияларын білім беру үдерісіне енгізу және трансұлттық білім берудің өзекті мәселелеріне арналған мазмұнды пікірталастармен жалғасты. Сонымен қатар микробіліктіліктерді тану, академиялық ықпалдастықты нығайту және стратегиялық серіктестікті дамыту бағыттары кеңінен талқыланды.

 

 

Форумның екінші күні климаттың өзгеруі мен экологиялық білім берудің өзекті мәселелеріне, өнер мен мәдениеттің қоғамдық өзгерістерге ықпалына, сондай-ақ цифрлық дәуірдегі медиа және ақпараттық сауаттылықты дамытуға арналды. Халықаралық сарапшылар аталған бағыттар бойынша тәжірибе алмасып, білім беру, ғылым және мәдениет салаларындағы өзара ықпалдастықтың жаңа мүмкіндіктерін талқылады.

 

Шерхан Мұртаза университетінің өкілінің халықаралық форумға қатысуы жоғары білім беру саласындағы озық тәжірибелер мен заманауи үрдістерді зерделеуге, кәсіби байланыстарды нығайтуға және халықаралық академиялық ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын айқындауға мүмкіндік берді.

 

Форум аясында қарастырылған өзекті мәселелер мен ұсынылған бастамалар Шерхан Мұртаза университетінің білім беру сапасын қамтамасыз ету, инновациялық технологияларды білім беру үдерісіне енгізу және халықаралық академиялық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі стратегиялық басымдықтарына сәйкес келеді.