COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің ұжымы Мемлекет басшысының жолдауын тыңдады

 

2026 жылғы 28 қазанда Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауын тыңдады. Жолдауды университет ректоры Махметғали Сарыбеков бастаған ұжым назарға алды.

Биылғы Жолдау «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» деп аталады. Мемлекет басшысы ел дамуының басым бағыттарын айқындап, Қазақстанның болашағына қатысты маңызды міндеттерге тоқталды.

 

 

Жолдауда экономиканың барлық саласында қарқынды өсімге қол жеткізу, халықтың өмір сүру сапасын арттыру және елдің тұрақты дамуын қамтамасыз ету мәселелері қамтылды. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы, білім беру мен ғылым, денсаулық сақтау және инфрақұрылым салаларын дамытуға басымдық берілді.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы келесі жылды «Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы» деп жариялауды ұсынды. Бұл бастама аясында өңірлер мен елді мекендерде азаматтық инфрақұрылым нысандарын салу және жаңғырту, жолдар, әуежайлар, вокзалдар, денсаулық сақтау мекемелері мен ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған оңалту орталықтарының құрылысын бастау қажеттігі атап өтілді.

 

 

Президент елдің тұрақты дамуы үшін жүйелі реформалармен қатар, қоғам санасын жаңғыртудың, адалдық пен жауапкершілік құндылықтарын орнықтырудың маңызын атап өтті. Осы ретте «Адал азамат» идеологиясын қоғам өмірінің ажырамас бөлігіне айналдыру қажеттігіне тоқталды.

Білім беру мен ғылым саласы елдің зияткерлік әлеуетін қалыптастыратын маңызды бағыттардың бірі ретінде ерекше мәнге ие. Осы тұрғыда жоғары оқу орындарының алдында сапалы білім беру, ғылыми зерттеулерді дамыту, инновацияларды қолдау және еңбек нарығының сұранысына сай білікті мамандар даярлау міндеттері тұр.

 

 

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің ұжымы Мемлекет басшысы айқындаған басым бағыттарды назарға ала отырып, білім беру сапасын арттыруға, ғылым мен инновацияны дамытуға және елдің өркендеуіне үлес қосуға бағытталған жұмыстарды жалғастырады.