Шерхан университетінде қытай тілі speaking club клубы ашылды

2026 жылғы 27 қазанда Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің Стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық басқармасының ұйымдастыруымен студенттерге, оқытушылар мен университет қызметкерлеріне арналған Қытай тілінің Speaking Club клубының алғашқы сабағы өтті.
«Аптасына бір тақырып – қытай тілінде еркін қарым-қатынас» ұстанымына негізделген жоба қатысушылардың қытай тілін үйренуге деген қызығушылығын арттырып, еркін сөйлесу дағдыларын дамытуға бағытталған.
Клубтың алғашқы сабағында қатысушылар қытай тілінде қарым-қатынас жасауға мүмкіндік алып, өзара танысып, тілдік тәжірибе алмасты. Сонымен қатар қытайлық студенттермен араласу арқылы мәдениетаралық байланысты нығайтуға және жаңа тілдік ортаға бейімделуге жағдай жасалды.
Жоба аясында қатысушыларды алдағы уақытта интерактивті сабақтар, жағдаяттық диалогтер, рөлдік ойындар және Қытайдың мәдениеті мен салт-дәстүрлерімен танысуға арналған кездесулер күтеді. Сабақтар қытай тілін жаңадан үйренушілерге де, білімін жетілдіргісі келетіндерге де қолжетімді.
Speaking Club сабақтары аптасына бір рет өткізіліп тұрады. Бұндай мүмкіндік 2026 жылғы 29 желтоқсанға дейін жалғасады.

27 Қазан 2026
221