Enactus Sherkhan командасы Business Collaboration Forum 2026 форумына қатысты

Жақында Enactus Sherkhan командасы Астана қаласында өткен Business Collaboration Forum 2026 форумына қатысып, жаңа тәжірибе жинақтап, кәсіби байланыстарын кеңейтуге мүмкіндік алды.
Форумның басты мақсаты — жастардың көшбасшылық қабілеттерін дамыту, нетворкинг дағдыларын жетілдіру, жаңа идеялармен алмасу және өзара тиімді ынтымақтастық орнатуға жағдай жасау. Іс-шара барысында қатысушылар өз білімдерін толықтырып, тәжірибелі мамандар мен басқа командалардың өкілдерінен құнды ақпарат алды. Сонымен қатар, жаңа мүмкіндіктермен танысып, болашақ жобаларды дамытуға шабыт беретін тың идеяларға ие болды.
Біз үшін бұл форум — тек тәжірибе алмасу алаңы ғана емес, сонымен қатар командалық әлеуетімізді арттырып, алға қойған мақсаттарымызды қайта саралауға мүмкіндік берген маңызды қадам.
Таразға жаңа идеялармен, тың серпінмен және үлкен мақсаттармен оралған Enactus Sherkhan командасы алдағы уақытта одан да қарқынды жұмыс істеуге дайын! Жинақталған тәжірибені жүзеге асырып, жаңа жобаларды дамытуға, командамыздың әлеуетін арттыруға және биік белестерді бағындыруға бағытталған жұмысымызды жалғастырамыз.
Enactus Sherkhan — жаңа мүмкіндіктерге ашық, үздіксіз дамуға ұмтылатын және өз мақсаттарына бірге қадам басатын команда!

27 Қазан 2026
172