Болашаққа бағыт: университетте «ашық есік күні» өтті

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінде облыс мектептерінің мұғалімдері мен бітіруші сынып оқушыларының қатысуымен «Ашық есік күні» өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – мектеп түлектеріне кәсіби бағыт-бағдар беру, олардың мамандық таңдауына қолдау көрсету, университеттің білім беру бағдарламаларымен таныстыру және болашақ кәсібін саналы түрде айқындауына ықпал ету.
Іс-шараға Тараз қаласындағы №10, №16, №20, №37, №38, №44, №50, №55 және №64 мектептердің, Байзақ ауданындағы Гагарин атындағы және Жамбыл атындағы орта мектептердің мұғалімдері мен оқушылары қатысты. Сонымен қатар Жоғары Тараз көпсалалы инновациялық колледжінің студенттері де белсенділік танытты.
«Ашық есік күні» аясында қатысушыларға университеттің білім беру бағдарламалары мен жоғары білім алу мүмкіндіктері таныстырылды. Кәсіптік бағдар беру, мамандықты дұрыс таңдау және кәсіби құзыреттіліктерді дамыту бағытында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, талапкерлердің сұрақтарына жауап берілді.
Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университеті жас ұрпақтың кәсіби бағдарын қалыптастыруға, сапалы білім алуына және болашақ мамандығын дұрыс таңдауына қолдау көрсету бағытындағы жұмыстарын жалғастырады.


22 Қазан 2026
239