COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Ғылыми әлеует пен инновациялық даму: Арын Орсариевпен кездесу өтті

 

2026 жылғы 21 қазан күні Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетіне «Технологияларды коммерцияландыру жөніндегі мамандар альянсы» қоғамдық бірлестігінің басқарма төрағасы, Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің директорлар кеңесінің төрағасы Арын Орсариев жұмыс сапарымен келді.

Сапар барысында қонақ университет ректоры Махметғали Сарыбековпен кездесіп, білім ордасының ғылыми-зерттеу әлеуетімен, инновациялық жобаларымен және ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізу мүмкіндіктерімен танысты.

 

 

Алдымен Арын Орсариев университеттің Агробиологиялық ғылыми-зерттеу институтының қызметін көріп, жүзеге асырылып жатқан ғылыми жобалар мен инновациялық технологиялық әзірлемелер туралы ақпарат алды. Сонымен қатар Аквакультура ғылыми-өндірістік орталығының ғылыми-зерттеу инфрақұрылымымен, жобаларымен және оларды коммерцияландыру мүмкіндіктерімен танысты. Ветеринария және мал шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығында жүргізіліп жатқан зерттеулер мен тәжірибелік әзірлемелерді өндіріске енгізу мәселелері де назардан тыс қалмады.

 

 

Жұмыс сапары аясында университеттің ғылыми нәтижелерін коммерцияландыру, технологиялар трансферін дамыту, инновациялық жобаларды жүзеге асыру тетіктері және өзара тиімді ынтымақтастық бағыттары талқыланды.

Кездесудің маңызды бөлігі – Арын Орсариевтің «Ғылыми нәтижелерді коммерцияландыру: ғылыми идеядан нарықтық өнімге дейін» тақырыбындағы ашық дәріс өткізді.

 

 

Дәріс барысында ғылыми зерттеулердің практикалық маңызын арттыру, ғылыми идеяларды нақты өнімдер мен қызметтерге айналдыру, оларды нарыққа шығару және ғылыми әзірлемелердің экономикалық тиімділігін қамтамасыз ету мәселелері қозғалды. Спикер ғылыми нәтижелерді коммерцияландырудың негізгі тетіктеріне тоқталып, қатысушылармен тәжірибе алмасты. Ашық дәріс соңында сұрақ-жауап сессиясы ұйымдастырылып, қатысушылар өздерін қызықтырған сауалдарын қойды.

 

 

Арын Орсариевтің жұмыс сапары университеттің ғылыми әлеуетін нығайтуға, зерттеу нәтижелерін тәжірибеде қолдануға және инновациялық жобаларды коммерцияландыру бағытындағы ынтымақтастықты дамытуға мүмкіндік берді.