COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Студенттерге мәмс жүйесінің мүмкіндіктері түсіндірілді

 

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінде студенттердің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіндегі мәртебесіне арналған ақпараттық кездесу өтті.

Кездесуге «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Жамбыл облысы бойынша филиалының Халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау бөлімінің басшысы Бурханов Даурен қатысты.

 

 

Іс-шара барысында студенттерге МӘМС жүйесіндегі мәртебені анықтау, медициналық қызметтерді алу тәртібі және сақтандыру жүйесінің мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, маманнан нақты жауаптар алды.

Кездесудің мақсаты – жастардың медициналық сақтандыру жүйесі туралы сауаттылығын арттырып, өз құқықтары мен мүмкіндіктерін білуіне ықпал ету.