Институционалдық аккредиттеу жұмыстары қорытындыланды

12–14 қазан күндері Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінде Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттік (IQAA) сарапшылар тобының институционалдық аккредиттеу аясындағы сыртқы аудит жұмыстары өтті.

Үш күнге созылған сараптамалық сапар барысында отандық және шетелдік жоғары оқу орындарының өкілдерінен құралған комиссия университеттің қызметімен, білім беру үдерісімен және материалдық-техникалық базасымен танысты.

Сарапшылар оқу ғимараттарын, спорттық кешендерді, ғылыми-зерттеу орталықтарын және Студенттер үйін аралап, университеттің инфрақұрылымын зерделеді. Сонымен қатар білім беру сапасы, ғылыми қызмет, тәрбие және әлеуметтік жұмыстар бағыттары қарастырылды.

Сапар аясында университет басшылығымен, профессор-оқытушылар құрамымен, білім алушылармен, түлектермен, жұмыс берушілермен және ғылыми қоғамдастық өкілдерімен кездесулер мен сұхбаттар ұйымдастырылды.

Институционалдық аккредиттеу — университет қызметіне тәуелсіз баға беріп, білім беру мен ғылым саласындағы жетістіктерді саралауға және алдағы даму бағыттарын айқындауға мүмкіндік беретін маңызды үдеріс.



14 Қазан 2026
85