Ш. Муртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің өкілі Еуразия-Тынық мұхиты унинетінің (EPU) пленарлық отырысы мен Erasmus+ семинарына қатысты

Алматы қаласындағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің базасында 2026 жылдың 7–9 қазан аралығында EPU (Eurasia-Pacific Uninet) Пленарлық отырысы және Erasmus+ ынтымақтастық семинары өтті. Аустрия, Қытай, Моңғолия, Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстан сияқты елдердің жетекші университеттері мен академиялық қауымдастығын біріктірген бұл ауқымды шараға 150-ге жуық халықаралық қатысушы жиналды.

Аталмыш басқосуға Ш. Муртаза атындағы Халықаралық Тараз университеті осы беделді халықаралық желіге ресми түрде мүшелікке қабылдануы аясында қатысты. Үш күнге созылған іс-шара барысында қатысушылар Erasmus+ және Horizon Europe бағдарламалары аясындағы академиялық ұтқырлық, жоғары білім беру жүйесін жаңғырту, сондай-ақ өңірлік және пәнаралық ғылыми-зерттеу жобаларын бірлесіп жүзеге асыру мәселелерін талқылады.

Сапар барысында университет өкілдері оқу орнының академиялық әлеуетін таныстырып, шетелдік әріптестермен байланыс орнатты. Сондай-ақ болашақта жаңа халықаралық жобаларды қолға алу, студенттер мен оқытушылардың алмасу бағдарламаларын дамыту бағытында маңызды келіссөздер жүргізіліп, стратегиялық серіктестермен ортақ бастамалар жоспарланды.

12 Қазан 2026
86