COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Университетте Autumn WIT Intensive білім беру форумы өтті

 

2026 жылғы 26 қыркүйекте Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінде әйелдер мен қыздардың цифрлық дағдыларын дамытуға арналған Autumn WIT Intensive білім беру форумы өтті.

Іс-шара Zhambyl Hub және Women in Tech Kazakhstan қауымдастығының ұйымдастыруымен өткізіліп, технология, кәсіпкерлік, жасанды интеллект және киберқауіпсіздік салаларына қызығушылық танытқан жастарды, сарапшылар мен бизнес өкілдерін біріктірді.

 

 

Форумның ашылуында университеттің академиялық жұмыстар жөніндегі проректоры Ақмарал Қадырова қатысушыларға құттықтау сөз сөйлеп, цифрлық сауаттылықты арттырудың, жеке деректерді қорғаудың және әйелдердің технологиялық саладағы белсенділігін қолдаудың маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ университеттің жастардың кәсіби дамуына, әйелдер көшбасшылығы мен инновациялық кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған бастамаларға әрдайым ашық екендігін атап өтті.

 

 

Форум аясында «Аман Бол» цифрлық қауіпсіздік бағдарламасы, AI for Her және AI for Her Business жобалары таныстырылды. Қатысушылар жасанды интеллект құралдарын күнделікті қызметте және бизнесте қолдану мүмкіндіктерімен танысып, цифрлық қауіпсіздік мәселелері бойынша пайдалы ақпарат алды.

 

 

«Цифрлық әлемдегі қауіпсіздік: деректер, ақша және жеке шекаралар» тақырыбындағы панельдік сессия барысында сарапшылар жеке деректерді қорғау, қаржылық қауіпсіздік, интернеттегі алаяқтықтың алдын алу және цифрлық кеңістіктегі жауапты мінез-құлық мәселелерін талқылады.

 

 

Іс-шара қатысушылар үшін тәжірибе алмасуға, кәсіби байланыстар орнатуға және жаңа идеялармен танысуға мүмкіндік берген маңызды алаңға айналды.

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университеті жастардың цифрлық құзыреттерін дамытуға және заманауи технологиялық бастамаларды қолдауға бағытталған серіктестік жобаларды алдағы уақытта да жалғастырады.