COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Ұлыларға тағзым

 

22–28 қыркүйек аралығында дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Қазақтың Шерағасы» апталығы аясында Шерхан Мұртазаның туған жеріне 1-курс студенттерінің тағылымды сапары ұйымдастырылды.

 

 

Сапарға 100-ден астам студент қатысып, қазақтың қос біртуар тұлғасы – Бауыржан Момышұлы мен Шерхан Мұртазаның музей-үйлеріне барды. Студенттер музейлердегі тарихи жәдігерлермен танысып, қос тұлғаның өмір жолы, шығармашылығы мен елге сіңірген еңбегі туралы құнды мағлұматтар алды.

 

 

Сапар барысында студенттер Бауыржан Момышұлы мен Шерхан Мұртазаның ескерткіштеріне гүл шоқтарын қойып, ұлттың рухани мұрасына құрмет көрсетті.

 

 

Тағылымды сапардың негізгі мақсаты – жастарға қазақтың көрнекті тұлғаларының өмірі мен өнегесін таныту, тарихи сананы қалыптастыру және ұлттық құндылықтарды дәріптеу.

 

 

Ұлылардың ізін басып, олардың өнегелі жолымен танысқан студенттер үшін бұл сапар рухани мәні зор, тағылымы мол кездесу болды.