«Қазақстан халқына» қорының білім беру гранттарына университетіміздің 7 студенті ие болды

2026–2027 оқу жылында «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының білім беру гранттарына еліміздің 38 жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымынан 220 талапкер ие болды.
Олардың қатарында Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық университетінің 7 студенті де бар.
Биылғы грант иегерлері — ауылдық жерлерден, шағын және моноқалалардан шыққан әлеуметтік санаттағы жастарға қолдау көрсетуге бағытталған білім беру бағдарламасының жеңімпаздары.
Университетіміздің грант иегерлері:
Қарабай Айбибі Ролланқызы — 6В01302 «Бастауыш білім беру (IP)»;
Өрікбай Жұлдыз Сатыбалдықызы — 6B01411 «Бастапқы әскери дайындық»;
Сүйінбай Гүлбану Тәжібекқызы — 6В01406 «Еңбекке баулу және кәсіпкерлік негіздері (IP)»;
Бисенбай Сымбат Бауыржанқызы — 6В01602 «Тарих»;
Жарылқасын Нұржамал Мухитқызы — 6B05102 «Биология – санитарлық эпидемиология»;
Орынбай Балауса Саламатқызы — 6В09102 «Ветеринарлық медицина»;
Мамбеталиева Мерей Оралбековна — 6B01702 «Шетел тілі: екі шетел тілі».
«Қазақстан халқына» қоры бір академиялық оқу жылына 1 млн теңгеге дейінгі оқу ақысын төлейді. Сонымен қатар грант иегерлеріне оқу жылының 10 айы бойы ай сайын 60 мың теңге көлемінде стипендия төленеді.
Айта кетейік, білім беру гранттары бағдарламасы 2022 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Осы уақыт аралығында қор гранттарына 4 511 жас қазақстандық ие болған.
Шерхан Мұртаза атындағы халықаралық университеті грант иегерлерін шын жүректен құттықтайды! Студенттерімізге сапалы білім алып, таңдаған мамандықтары бойынша биік белестерді бағындыруына және ел дамуына өз үлестерін қосуына тілектеспіз!

15 Қыркүйек 2026
50