COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

«Ғылыми сабақтастық: тәжірибе, ғылыми мектеп және жаңа буын» тақырыбында ардагер және аға буын ғалымдармен кездесу өтті

 

2026 жылғы 10 қыркүйекте Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінде ардагер және аға буын ғалымдардың қатысуымен «Ғылыми сабақтастық: тәжірибе, ғылыми мектеп және жаңа буын» тақырыбында тағылымды кездесу өтті.

 

 

Кездесудің негізгі мақсаты – университет ғылымының қалыптасуы мен дамуына үлес қосқан ғалымдардың тәжірибесін жаңа буынмен сабақтастыру, қалыптасқан ғылыми мектептер мен дәстүрлерді жалғастыру, жас ғалымдарға тәлімгерлік жасау, жаңа ғылыми жобалар мен зерттеу бағыттарын дамыту болды.

 

 

Еркін пікір алмасу барысында қатысушылар ғылыми мектептердің бүгіні мен болашағы, ғылыми идеяны жаңа жобаға айналдыру, гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар, зерттеу топтарын қалыптастыру мәселелерін талқылады.

 

 

Сонымен қатар ұстаз–ғалым–шәкірт сабақтастығы, жас зерттеушілерге тәлімгерлік, ғылыми-зерттеу институттарымен, шетелдік ғалымдармен, студенттермен және өндіріс өкілдерімен ғылыми серіктестікті дамыту жөнінде пікірлер айтылды.

 

 

Кездесуде «ХТУ Хабаршысы» басылымының ғылыми дәстүрі, сапасы мен жаңа бағыттары да сөз болды. «Университет ғылымының келешегі» атты ашық пікір алаңында қатысушылар университет ғылымын дамытуға қатысты ой-пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды.

 

 

Кездесу арнайы баяндамаларсыз, ашық әрі еркін пікір алмасу форматында өтті. Қорытынды бөлімде «Сабақтастықтан – нақты іске» қағидаты негізінде аға буын ғалымдарының тәжірибесін жас зерттеушілер мен студенттерге жеткізу, ғылыми тәлімгерлікті дамыту және жаңа ғылыми бастамаларды қолдау бағытындағы ұсыныстар айтылды.