COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Шерхан Мұртаза университеті Biruni University университетімен халықаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады

 

Түркия Республикасына жасалған жұмыс сапары барысында Шерхан Мұртаза университетінің делегациясы Ыстанбұл қаласында орналасқан Biruni University университетіне ресми сапармен барып, жоғары білім мен ғылым саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту бағытында кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар екі университет арасындағы ұзақ мерзімді институционалдық серіктестікті дамыту, білім беру бағдарламаларын жетілдіру, ғылыми-зерттеу қызметін кеңейту, академиялық ұтқырлықты дамыту, профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылардың тәжірибе алмасуын ұйымдастыру мәселелерін талқылады.

 

 

Сонымен қатар, педагогика, денсаулық сақтау, әлеуметтік ғылымдар және өзге де білім беру бағыттары бойынша бірлескен білім беру бағдарламаларын, ғылыми жобаларды жүзеге асыру және халықаралық бағдарламаларға қатысу мүмкіндіктері қарастырылды.

 

 

Кездесу барысында Шерхан Мұртаза университеті мен Biruni University арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою мәселесі талқыланды. Тараптар алдағы уақытта ресми келісімге қол қою арқылы ұзақ мерзімді әрі өзара тиімді серіктестікті дамытуға ниетті екендіктерін білдірді. Келіссөздердің маңызды бағыттарының бірі Executive Master of Business Administration (EMBA) білім беру бағдарламасы аясындағы «Management in Healthcare» («Денсаулық сақтау менеджменті») бағыты бойынша тағылымдамадан өту мәселесі болды. Тараптар осы бағдарлама шеңберінде кәсіби тәжірибе алмасу, басқарушылық құзыреттерді дамыту және тағылымдамаларды ұйымдастыру тетіктерін талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар академиялық және ғылыми байланыстарды нығайтуға, бірлескен білім беру жобаларын жүзеге асыруға және халықаралық тәжірибе алмасуды дамытуға өзара қызығушылық білдірді.