COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Шерхан университетінде алғаш рет түлектер форумы өтті

 

2026 жылғы 5 маусымда Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің тарихында алғаш рет ұйымдастырылған «Мақсаты айқын түлек – табысты болашақ» атты Alumni Forum жоғары деңгейде өтті.

 

 

Ауқымды іс-шара университеттің әр жылдардағы түлектерін, білім мен ғылым саласының өкілдерін, қоғам қайраткерлерін, кәсіпкерлерді және студент жастарды бір алаңға жинап, тәжірибе алмасу мен жаңа бастамаларды талқылауға мүмкіндік берді.

 

 

Форумның ашылу салтанатында университет құрылтайшысы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерболат Саурықов құттықтау сөз сөйлеп, түлектердің университет дамуындағы ерекше орнына тоқталды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің арнайы құттықтауы оқылды.

 

 

Іс-шара барысында түлектер университеттің жетістіктерімен танысып, студенттік шақтағы жарқын естеліктерімен бөлісті. Университеттің алғашқы түлектерінің бірі Рахимов Мақсат Серікұлы жастарға мотивациялық кездесу өткізіп, білім мен еңбек арқылы жеткен жетістіктері туралы әңгімеледі.

 

 

Форум аясында қатысушылар Шерхан Мұртаза ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, университеттің Студенттер үйін аралап көрді. Сондай-ақ түлектер университеттің бүгінгі тыныс-тіршілігімен, жаңа жобаларымен және даму жоспарларымен танысты.

 

 

Маңызды шара барысында университеттің Эндаумент қорының құрылғаны жарияланып, түлектер қауымдастығының алдағы жұмыстары талқыланды. Бұл бастама оқу орнының тұрақты дамуына үлес қосып, білім беру сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам ретінде бағаланды.

 

 

Форумда елімізге белгілі тұлғалар мен университет түлектері сөз сөйлеп, туған білім ордасына деген ыстық ықыластары мен ізгі тілектерін жеткізді. Кездесу барысында түлектер арасында іскерлік байланыстар нығайып, жаңа жобаларды жүзеге асыруға бағытталған ұсыныстар ортаға салынды.

 

 

Алғаш рет ұйымдастырылған Alumni Forum университет тарихындағы маңызды оқиғалардың біріне айналып, әр жылдардағы түлектердің басын қосқан тағылымды әрі мазмұнды алаң болды. Форум нәтижесінде түлектер мен университет арасындағы байланысты одан әрі дамытуға бағытталған бірқатар бастамаларға негіз қаланды.