Шерхан университетінің студенті — Республика чемпионы!

Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары арасында өткен Республикалық студенттік спорт лигасында қазақ күресі спорт түрінен 66 кг салмақ дәрежесінде І орын иеленген ДШ 25-9 тобының студенті Дияс Жапарды шын жүректен құттықтаймыз!
Дияс бұл жарыста жоғары шеберлік пен нағыз спорттық мінез көрсетіп, университет намысын абыроймен қорғады. Қарсыластарынан оза шауып, жеңіс тұғырынан көрінуі — табандылық пен үздіксіз еңбектің нәтижесі.
Бұл жеңіс — тек спортшының ғана емес, университетіміздің де үлкен мақтанышы. Жас балуанға алдағы жарыстарда да толағай табыстар, мықты денсаулық және биік белестер тілейміз!
Жеңіс құтты болсын, Дияс!

25 Мамыр 2026
284