Құқықтық кеңес беру бойынша «Ашық есік» күні өтті

Мемлекет басшысының «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің Заң клиникасы құқықтық сауаттылықты арттыру және тегін заң көмегін көрсету мақсатында «Ашық есік» күнін өткізді.
Іс-шара барысында университет қызметкерлері, профессор-оқытушылар құрамы, студенттер және Тараз қаласының тұрғындары құқықтық мәселелер бойынша кеңес алып, көкейдегі сауалдарына жауап алды.
Кездесуге Жамбыл облысы Әділет департаменті басшысының міндетін атқарушы Қайрат Асанович Пилалов, Жамбыл облысы заң кеңесшілер палатасының адвокаты Айгүл Нұрбекқызы Шайбекова, Тараз қалалық ПБ Әулие-Ата АПБ ЖҚЖЖБ инспекторы Нұрлан Болатұлы Искаков, сондай-ақ заңгер-консультант Лаура Ермұханқызы Барлыбаева қатысып, құқықтық бағытта түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Шара тұрғындардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және тегін заң көмегін көрсетуге бағытталды.

21 Мамыр 2026
624