COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Шерхан университетінде X республикалық «Шерхан Мұртаза оқулары» өтті

 

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінде жалпы білім беретін мектептердің 9-11 сынып оқушылары арасында X республикалық «Шерхан Мұртаза оқулары» ғылыми-шығармашылық байқауы өз мәресіне жетті.

 

 

 

Ауқымды республикалық байқаудың мақсаты – қазақтың халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның шығармаларын насихаттау, тұлғалық болмысын жас ұрпаққа таныту және ұлттық әдебиетке деген қызығушылықты арттыру.

 

 

 

Байқау үш бағыт бойынша ұйымдастырылды:

- «Жүрекке жол тапқан жұлдыз көпір» – теориялық сұрақтар;

- «Зау тұлға» – шығармаларды жатқа оқу;

- «Шерхан Мұртаза мұрасы» – ғылыми жоба қорғау.

 

 

 

Байқауға еліміздің әр өңірінен келген 50-ге жуық оқушы қатысып, өз білімдері мен шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Қатысушылар Шерхан Мұртаза шығармашылығын терең меңгергендерін дәлелдеп, жоғары деңгейде өнер көрсетті.

 

 

 

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен, грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар, Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің арнайы Ректор гранты Атырау облысынан келген қатысушы Амангелді Айханымға табысталды.

 

 

 

Сондай-ақ, қатысушыларға жазушының туған жері Жуалы ауданындағы Шерхан Мұртазаның әдеби-мемориалдық музейіне және Бауыржан Момышұлы музейіне экскурсия ұйымдастырылды.

 

 

 

Республикалық деңгейде өткен маңызды рухани іс-шара жас ұрпақтың әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, Шерхан Мұртаза мұрасын кеңінен дәріптеуге мүмкіндік берді.