Шерхан университетінде Мейрамбек Төлепберген атындағы аудитория ашылды

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінде белгілі журналист, публицист әрі қоғам қайраткері Мейрамбек Төлепбергеннің есіміне арналған арнайы аудиторияның салтанатты ашылуы өтті.

Аудиторияның ашылу рәсіміне зиялы қауым өкілдері, журналистер, университет профессор-оқытушылары мен студент жастар қатысты.

Жаңа аудитория болашақ журналист мамандардың білім алып, шығармашылық ізденісін шыңдайтын рухани ортаға айналмақ. Сонымен қатар, бұл бастама тұлға еңбегін насихаттап, жас ұрпақтың ұлттық журналистикаға деген қызығушылығын арттыруға бағытталған маңызды қадам ретінде бағаланды.

15 Мамыр 2026
315