Жоғары білім берудің бірыңғай платформасы: Білім беру бағдарламаларының тізілімінде БББ-ны жаңарту

Шерхан Мұратаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің педагогикалық құрамына арналған «Жоғары білім берудің бірыңғай платформасы: Білім беру бағдарламаларының тізілімінде БББ-ны жаңарту» тақырыбында оқыту семинары өтті.
Семинар Академиялық жұмыс жөніндегі проректор Кадырова А.С. және Академиялық саясат басқармасының ұйымдастыруымен өткізілді.
Іс-шара барысында білім беру бағдарламаларын жаңарту, оларды кәсіби стандарттармен сәйкестендіру, еңбек нарығы талаптарына бейімдеу мәселелері кеңінен қарастырылды. Сонымен қатар, «Толық адам» және «Адал азамат» құндылықтары, «Заң мен тәртіп» қағидаттары негізінде тәрбие беру, инклюзивті білім беруді дамыту, аутизм спектрі бар балаларға қолдау көрсету бағыттары талқыланды.

Семинарда цифрландыру мен жасанды интеллект технологияларын білім беру үдерісіне енгізу, дуальды оқыту жүйесін кеңейту, практикаға бағытталған әдістерді (PBL, кейс-стади) қолдану, сондай-ақ soft skills және employability дағдыларын дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар білім беру бағдарламаларын жетілдірудің тиімді тетіктерімен танысып, өз тәжірибесінде қолдануға қажетті ұсыныстар алды.

05 Мамыр 2026
96