COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Әлем халықтарының бірлігі

 

"Педагогика" факультеті, "Жалпы педагогика" кафедрасына қарасты ПжП, МДОТ және БОПӘ 25-1, 3, 5 топтарының қатысуымен «Әлем халықтарының бірлігі» атты тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Іс-шараның басты мақсаты — студенттерді әртүрлі халықтардың мәдениетімен таныстыру, ұлтаралық татулықты нығайту және өзара құрмет сезімін қалыптастыру болды.

 

 

Дөңгелек үстел барысында әр мамандық студенттері түрлі ұлт өкілдерінің мәдениетін, салт-дәстүрлерін және ұлттық тағамдарын таныстырып, мазмұнды презентациялар ұсынды. Атап айтқанда, студенттер Қазақстан, Қырғызстан, Украина, Өзбекстан, Корея және Түркия халықтарының ерекшеліктерін көрсетіп, олардың рухани құндылықтары мен мәдени байлығына тоқталды.

 

 

Іс-шара аясында:

– елдер туралы презентациялар ұсынылды;

– дәстүрлерге арналған бейнематериалдар көрсетілді;

– ұлттық тағамдар таныстырылды.

 

 

Пікір алмасу кезеңінде студенттер өз әсерлерімен бөлісіп, халықтар арасындағы ұқсастықтар мен ортақ құндылықтарды атап өтті. Барлық қатысушылар бейбітшілік, достық, сыйластық сияқты ұғымдардың әр халық үшін маңыздылығын ерекше екенің атап өтті.

Мұндай іс-шаралар студенттердің дүниетанымын кеңейтіп қана қоймай, мәдениетаралық қарым-қатынасты дамытуына үлес қосады.