Мамандық таңдауда маңызды қадам: мектеп пен колледж оқушыларымен кездесу

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің оқытушылары мен мамандары кәсіби бағдар беру жұмыстары аясында “Білім” кәсіби гуманитарлық-техникалық колледжі мен Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №24 гимназиясының білім алушыларымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында оқушыларға университеттегі білім беру бағдарламалары, студенттерге жасалған мүмкіндіктер мен оқу үдерісі туралы кеңінен ақпарат берілді. Сонымен қатар, болашақ мамандықты дұрыс таңдаудың маңыздылығы түсіндіріліп, талапкерлерге бағыт-бағдар ұсынылды.


22 Сәуір 2026
73