COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Шерхан мектебінің оқушылары Шерхан университетімен танысты

 

Түлкібас ауданында орналасқан Шерхан Мұртаза атындағы мектептің оқушылары Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетіне арнайы келіп, оқу ордасының тыныс-тіршілігімен танысты.

Танымдық сапар ең алдымен университет аумағында орналасқан көрнекті жазушы, мемлекет және қоғам қайраткері Шерхан Мұртаза ескерткішіне тағзым етуден басталды.

 

 

Одан кейін мектеп оқушылары университеттегі ашық есік күні аясында оқу орны туралы кең көлемде ақпарат алды. Болашақ талапкерлер университет ғимараттарын аралап, білім беру бағдарламалары мен студенттік өмір жайлы мағлұматтарға қанықты.

 

 

Сондай-ақ оқушылар университет құрамындағы Шерхантану орталығына экскурсия жасап, ұлы қаламгердің өмірі мен шығармашылығына арналған құнды деректермен танысты. Экскурсия барысында университет оқытушылары Шерхан Мұртазаның өмірі мен шығармашылығы туралы дәріс оқыды.